Жүрегімде - мәңгілік!

Сені ойлап жабығамын,

мұң сезіліп жаныма.

Қапаланып қамығамын,

сенсіз атқан таңыма.


Күннің көзін жоқтап аспан,

сені күткен күндерім,

Бір минутқа тоқтамастан,

жүріп жатыр ілгері.


Зымырайды уақыт шіркін,

алыстатып араны.

Келер бізге бақыт бір күн,

емдеп жазар жараны.


Сағынысып біз табысқан,

күн де келер, өзгерер.

Көре алмастан, қызғаныштан,

айта берсін өзгелер.


Күрсінемін, күлемін де,

күбірлеймін әңгүдік.

Есіміңді жүрегімде,

сақтап қойдым мәңгілік!



Бөлісу: