Жүрегімде қалған күз...
блог
Күз еді жазды тауысқан,
Саябақ сар түс ауысқан
Айырылып жыршы, шу құстан
Еседі мұңлы ән бұл бақтан...
Қимастай ағаш жапырағын
Көңілсіз төгер уыстан,
Сары алтын жерге асықпай
Жылтырар кейде сәулеге
Ұрланып түскен қуыстан
Бұрала билеп желменен
Кейде өшіп, кейде көкке ұшқан.
Үңіле қарап жапыраққа
Жанары ыстық жас толған,
Жас жігіт оймен адасқан...
Қайыңға тұрып таянған
Еске алып ескі жарасын,
Жұмғылап қолын тас қысқан
Кетеді кейде елестеп,
Өткінші сәттер әр тұстан...
Күз екен жазды тауысқан,
Бейнесін көрген алыстан
Ғашықтық келген сол бәр сәт,
Аңдамай басқан шалыстан.
Жапырақ желмен жарысқан
Куә екен сонда күзгі аспан.
Жүректе қалған сол бір күз,
Пәк еді айдай мұңлы жүз
Көздері жанға қадалған
Есінен кетпес ару қыз
Күңіренген ақшыл ғимарат
Күрсініп басып қыз барад
Әр күні жолын тосады,
Сарғайып тілсіз қатады.
«Сүйем» деп ешбір айта алмад,
Бір көрмей күнде қайта алмад...
Әдетше жүрген жол тосып,
Көргенде жүрек бір шоршып
Қалтырап бойы, қан тасып
Кенеттен қалды қыз талып.
Тұтанған сезім бір жанып,
Ұшқындап жетіп жанына
Алақтайды амалсыз қалып.
Жанары тайып арудың
Айдайын жүзі сұрланып,
Мұрнынан кетті қан тамып.
Барады күнде таусылып,
Тілгілеп жанды қан қылып
Сүйе алмас енді шын құшып
Дірілмен жасын бір жұтып,
Кетпейді ешбір жанынан.
Ғашығын келмей қиғысы
Жас жігіт көкке жалынған,
Болмас қой қанша ұмтылып
Тағдырға айып тағынған.
Болса да іште сан үміт
Тағат таптырмас бір күдік
Мезгілі жеткен жапырақ
Үзіліп түсті мәңгілік...