Жүрегімді әсем әнімен жаулаған жас әнші.
блог
Салем Маусым. Сіз өткенде "Айтуға оңай" бағдарламасында қонақта болдыңыз.Меніңше, осы хабардан соң, ел сізді тани бастаған секілді. Сізге қалай? Халықтың сұранысы қандай?
--"Айтуға оңайға" қатысқаннан кейін бір ағамыз жаксы әнін ұсынды. Сол әнге қазір тапсырыс бердім. Иншалла алдағы уакытта жарыққа шығады. Ал басқа ұсыныс келсе ойланып сөйлесіп көрерміз! Жалпы ол бағдарламаға алғысым шексиз Алла берекетін берсін көрермендерді әрдайым кобейе берсін!!!
Қай өңірдің тумасысыз?
Руым керей. Баянауыл өңірінде өсіп, сол жақта білім алдым. Майкайын кенті деген жер.Анам әли сол жақта ұстаз болып істейді. Мен кенжесімін үйдің.
Талантты екеніңіз көрініп тұр. Дауысыңызда керемет. Отбасыңызда өнерге жақын адамдар бар ма? Талант кімнен дарығын.
Өнер отбасымнан келе жатыр. Әкем өнер адамы болған соң, сол кісіден келе жатыр осы өнер. Әкемнін атын шығарам иншалла жақсы атын.
Қашан үйленбек ойыңыз бар?
Иншалла отбасымды асырайтын жағдайға жеттім. Енді негізі үйленіп отбасы болғым келеді. Бәріде құдайдың жазғаны болар. Иншалла қашан үйленетінімді уакыт көрсетер.
Сіз әлеуметтік желілерде көп отырмайсыз. Белсенділігіңіз төмен. Бұған не себеп. Уақыттың тапшылығы ма әлде қызығушылық төмен бе?
Мен бәринде отырамын. Тек кеш отырамын. Үнемі уат сап та, феиста , тб біразында отырамын. Күндіз жұмыстармен жүремін, сол үшін кеш кіремін.
Өмірде неден қорқасыз?
Өмірде бірінші құдайдан қорқамын,жалғыздыктан қорқамын.
Қалай эстрадасы жайлы пікіріңіз қандай?
Қазақ эстрадасы жайлы айтар болсам қазір шүкір мақтан тұтатын үлгі алатын аға- апаларымыз бар қазақ өнер сахнасында көңілім толады. Әттең дейтінім, тек сапасыз әндер. Саны бар сапасы жоқ әндер көп орын алып бара жатқанына әттең деймін.
Өнер ауылына қалай келдіңіз?
Өнер жолына , сахнаға 4-сыныптан бастап шыктым. Өнер қаны әкемнен дарыды. Қазір шүкір әкемнін атын жаксы атпен шыгарып келемін. Бәріне шүкір Тәуба.
Өмірдің бақытын қалай түсінесіз?
Өмірдің бақыты мен үшін отбасыжәне бақытты басқан қадамдарым. Шукір еткен әр кунім!
Сізді бақытты ететін 3 нәрсе?
Мені бакытты ететін 3 нәрсе отбасы , адал жар, шынайы достар .
Қанша балалы болғанды қалайсыз? Және Есімдерін қалай қояр едіңіз?
Мен көп балалы болғанды қалаймын. Иншалла. Маған ұнайтын есімдер САНИРА , САБИРА, АМИНА, ТОМИРИС, ХАНШАЙЫМ, САБЫР, АЛИ, ХАНСҰЛТАН, ОСМАН, ЮСУФ, деген есимдер негізі ұнайды.
Маусымға сұхбаттасқаны үшін алғыс айтамын!
PS:Астанада жүргенде Маусымның "Асыл арманым-ай" әнін көргенмін. Әнің әуені қатты ұнады. Интернеттен тартып алармын деп ұмытып кетіппін. Өткенде "Айтуға оңай" бағдарламасында (http://kaztube.kz/ru/video/69907)Маусым Шәкім шыққан болатын. Сол кезде есіме түсті. Маусымның дауысы керемет. Маған қатты ұнайды. Хабардан соң,Маусым жайлы ақпарат іздей бастадым. Сөйтіп, оны фейзбук пен вконтактіде тауып алдым. Бағдарламада Маусым "Құстан әні" дейтін ән орындаған болатын. Сол әнді ғаломтардан тарта алмадым. Ақыры Маусымның айтқанын "записке" басып тыңдап жүрмін. Жүрекпен айтады. Маусымға тек сәттілік тілеймін. Өнері өрге жүзсін. Аллам оған дарын берген. Сол дарыннын әрі қарай шыңдай берсін дегім келеді. Маусымға тек сәттілік тілеймін!
(Сұхбат фейзбук арқылы жүргізілді)