Жұмыстың оңайы жоқ екен))

Жұмыстың оңайы жоқ екен))
жеке
блог

Сабақ аяқталысымен.. жұмыс істесем бе деген оймен жүрдім..Үйдегілерге де алдын-ала ескертіп қойдым. Практика біраз уақытқа созылатын болды деп. Олай айтпасаң тағы болмайын деп тұр... Алматыны қимай, бір жұмыстарды шығарып, жүріп алдым десем де болады.)) Ал, практика баяғыда біткен...Қалтада ақша да бітіп барады..Енді не істеймін???...Сансыз ойдың жетегінде жүрдім..Қимастық сезім басымырақ Алматыға деген.)) Содан ойландым, елдің бәрі жұмыс ісеп жүр...Менде сол ел сияқты..жұмыс істесем деп..бірнеше жұмыстың басын шалдым.)) Ата-анам мұны естісе көнбейтінін анық білем. Білдірмеуге тырыстым. Аға- әпкелерімнен жұмыс сұрастырып..(өзім емес..достарыма деп..) Олар бірнеше жерді тізіп айтты. Қайдан білсін мен сұрап жүргенімді?)) Содан не керек, жұмысты бастайын. 
1. Киім сатушы (продовец)

Киім сатушы болған бір аптаның ішінде мен оларды жақсы түсіне бастадым десе де болады.) Келген клиенттерді қарсы алу, ұнаған киімін тауып беру, айнаға қарату) т.б Жұмыс жақсы жүрді жалпы..Бірақ қиындығы да бар...)) Киімдерді реттеп тұру..әрібір адамның сөзіне құлақ асып..тауарыңды өткізе білу үлкен өнер! Күініне қанша ма адам кіріп-шығады..олардың мінезіде әр түрлі.

 

.

2. Даяршы (официантка)
"Анкара" кафесіне бардым. Дөнер тасушы боп)) Кәдімгідей барып, дөнердің өзіндің формуласын жаттап..әлегім шықты емес пе?)) Өзім қатарлы қыздар да істеп жүрді..Түрік ағаларым бастық..әлгі жерде.)) Маңдай термен дөнерден тапқа ақша қатты ыстық болды.. Олар жақсы төледі себебі))

 

3. Ыдыс жуу (посудамойщица )
Ең қиыын...ауыыр жұмыс осы болды.. Бар болғаны 1 күн істедім.Сөзбен айтып түсініріу мүмкін емес.Себебі қырғын ыдыс..)) Обед кезінде ыдыстан пробка болады дейсің..әлгі жерде..адам көөп! Әдемі көңіл- күймен жуған ыдыстарың, 15 мин соң алдыңа күліп келеді..))

 


Осылай 2-3 аптада кәдімгідей жұмыстардан стажировка жинап алдым! Бұрын жоқ еді))) Ең бастысы екі нарсені түсіндім..
1. "Жұмыстың оңайы жоқ"- деген сөз рас екен.
2. Маңдай термен тапқан ақшаның қадірі.