Жақында ғана Америкалық БАҚ (Бұқаралық Ақпарат Құралдары) 16 жасар жасөспірім баланың ғылыми тәжірибиесінің жоспарлауы бойынша өтпегендігіне орай сотталғандығын жариялады.
Кейбір елдердегі Ең орынсыз ережелер:
1.Жұмыс орнына газдалған сусын әкелуге болмайды. Себебі: Газдалған сусын әкелу жұмыс орнындағы салқындатылған сусынның сатылуын тежеуі мүмкін. (Жалпақ тілмен айтқанда, жұмыс орнының сусындары өтпей қалады)
2.Жұмыс орнында сусынды бөтелкеден ішуге болмайды. Тек қана пластмасса стақанмен ішіп, одан кейін міндетті түрде қоқысқа тасталуы керек екен.
3.Корпаратив атынан e-mail жіберген кезде, осы хатты жазғаны үшін демалыс сұрауға болады екен.
4.Кейбір жерлерде көзілдірік кимей, степлерді қолдануға болмайды екен.
5.Егер жұмысшыларда бос уақыт бола қалса, оларға жұмыс орнының жиһаздарының орнын ауыстыруға рұқсат етілмейді. Тек қана жиһаз қозғайтын арнайы қызметкерлерді шақыртып істету керек екен.
6.Принтердің беткі жағында "Принтерді өшіруге болмайды" деген жазба тұрады екен.
7.Заңгер өзінің жұмыс орнынан шықпас бұрын, хатшыға қайда бара жатқандығын, қанша уақытта қайтып келетіндігін айтып кетуі керек екен... Және бұл заң...
8.Мейрамханаларда адамдардың сақал мұрты қатты қадағаланады екен. және де оның жарасу жараспауына да қарайды екен. Сақалдың бакенбард түрімен кіруге болмайды екен.
9.Егер де жұмыс орнына бір минут немесе секундқа кешігетін болса, оған штраф салынады екен.
10.Жұмыс орнында түшкірген адамға "сау бол" айтуға болмайды екен. Егер де айтатын болса, оны "жұмыс орнында өзіңді қалай ұстау керек" атты курсқа жібереді екен...