Жұмбақтар шеруі

Жұмбақтар шеруі
жеке
блог

Күз. Сап-сары жапырақтар.  Мұң. Лирика. Ой...түбіне жете алмайтын ой. Сыздаған жүрек. Бәрі онымен байланысты сияқты... Тіпті ауа райы да.  Үміт сөнді. Еріксіз. Еркімнен тыс. Күзде аяқтылды тағы да... күз  нүкте қойды. Үш нүкте болғаны жақсы еді немесе үтір. Эго басым. Жібергім келмейді. Сенің қалауың. Ұша ғой. Бізді енді кездестірмесе екен...

 

1.Өзіңіз сүйіп оқыған романнан үзінді келтіріп, роман аты мен авторын жасырасыз

 

Көкшенің көк гауһардай күмбез кеудесі аспанмен астасып, көркін күн нұрымен бояп тұр екен.

-          Кел! – дегендей болды Көкше.

-          Кеудеме жат! – дегендей болды Көкше.

-          Күмбезіме шық! -  дегендей болды Көкше.

-          Көкке төбеңді тигізейін! – дегендей болды Көкше.

-          Күнге бетіңнен сүйгізейін! – дегендей болды Көкше.

Көкше солай «кел» десе, - кімнің дәті шыдайды?!

Кілемдей жайнаған етегін көлбеп, Көкшенің кеудесіне мен өрледім. Құлдыраған құздың да, қиялаған шыңның да біреуін бөгет көрмедім.

Көкшенің кеудесіне шығып, көлемін шолғанда – көзіме көк өлке ілікті.....

 

2. Қазақтың дәстүрлі  бір әнінен үзінді келтіріп, әннің атын, орындаушысын жасырасыз

Қайтейін, қанатым жоқ, қалып барам

Жүрегім құс боп ұшып кетті-ау бірге

 

3. «Қазақфильмнің» киносынан бір кадр қойып, кино  атын жасырасыз

 

Соңғы оқыған оқып жатқан кітабыңыз?

Театрлардағы жаңа қойылымды қалт жібермейтін біздерге Теменовтің жаңа қойылымының премьрасы болады екен деген сыбыс келді. Билетті алдын ала алмағандықтан, әдеттегідей қойылымның тұсау кесеріне бара алмадық. Прессамен кіргендер «Шыңғыс Айтматовтың шығармасын оқымасаңдар, түсінбейсіңдер. Мен түсінген жоқпын қойылымды», - деген соң, кітапты ат шаптырып алмасақ та, төмен курстарға айтып жүріп кітапханадан алғыздық.

Бір кітап. Құрбымыз екеуміз таласып, кейде кезекпен оқыдық. Келесі премьераға дейін үлгеру керек... Бірақ құрбымның жұмысы ауырлап, кітап оқуға мұршасы болмай, преьера түгіл, қойылымына бара алмадық, ақыры.

Шыңғыс Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» шығармасы

Төбет... неге теңіз жағалай жүгіре береді??? Неге тарғыл???

Иә, иә. Тарғыл төбет теңіздің жағасын мекен еткен....

Қысқаша мазмұны: Шығармада балықшы отбасының  ауға шыққан кезі суреттеледі. Ұлы, әкесі, атасы, інісі теңізге балық ауына шығады. Қырсыққанда Зевстің көңіл-күйі болмаған ба.... табиғат «мінезін» көрсетіп, балықшыларды жолдан адастырады. Бағытынан адасқандар бірнеше күн теңізде ескекті қайықта қалып қояды. Тамағы, суы біте бастайды... Шөлге шыдамаған інісі теңізге секіріп, Аид патшалығына аттанады. Ауыз суы аз...әке баласын қимайды, бала әкесін қимайды, ата немересін, немересі атасын қимайды.... суды да ешкім ішпейді аяғында... кім тірі қалады? Кім енді теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбетті қайта көре алады???  Ендеше кітапты парақтап көріңіз

Әлі бітіре алмай жүрген кітабым «Ғасырдан да ұзақ күн». Қолым тимей жүр ғой блогосферадан:)

 

Сүйіп тыңдайтын әніңіз?

Тіл үйреніп жүргендіктен, соңғы кездері ағылшынша әндерді көп тыңдаймын.

«Битлздың» «Естедей» әнін жаттап алдым:)

 

Ұнатып көретін қазақ киносы?

 «Қош бол, Гүлсары» фильмін енді қарай алмайтын шығармын. Фильм ұнады. Шынайы, Сәбет үкіметі кезіндегі қазақ әйелдерінің өмірі суреттелген. Аянышты... Инетте бар:)

P.S : алғашқы жазбам. Әлеуметтік желілер арқылы кіріп оқып, пікір жазушы ем... Жазба жазудың сәті түсіпті. Жако ағаға рахмет! Жазданы жазуыма көмектескен Айконаға АРБ!

P.S.сы: функцияны кішкене жеңілдетсеңіздер екен:(

Эстафета таяқшасын салтанатты түрде Айконаға тапсырамын!