Жұмбақ қыз

Жұмбақ қыз
жеке
блог

 

Бүгін эстафетаның екінші бөлігін жалғастырайын. Бигелді досымыздың жұмбағын шеше алмаған соң, Әсемгүлдің жұмбағын қарай салғам, сөйтсем оның да жауабы жоқ, сол күйінде бес-алты пікірлермен шектеліп қалыпты. Қызық үшін барлық қолданушыларды қарап көрейінші деп іздей бастадым, содан әрең дегенде тауып алдым. Қоой, сонымен енді өзімнің жұмбағымды жасырайын.

Ал, кеттік: Бұл жұмбақтың иесі көптееген қазақ сайттарында бар. Жанат ағамыз айтқандай мындағы көшеге көп шыға бермейді)) ара-тұра балкондардан ғана көріп қалуға болады))) Өзі өнерлі қыз. Мінезі, өзі айтқандай қаталдау, бетке айтқанды ұнататын өжеттеу. Өзі мені агентте отырып  қонаққа шақырған болатын, бірақ соған қарай жол түспей жүргені... Ал, енді қалғаны сіздерде, кім болды екен бұл ару???