Жұмақ аруы

Жұмақ аруы
жеке
блог

Жұмақ аруы! Білесіз бе, «Қорлан»  деген есім дәл осы мағынаны білдіреді екен. Мұны мен жақында ғана білдім, әрине, ғаламтордың көмегімен. Осы күнге дейін әжемнің  құлағыма құйып келген қызықты әңгімелерінен ғана «Қорлан» есімінің тарихын еститінмін. Ол әдеттегі өзіміз білетін әпкелі-сіңілі «Құсыный-Қорлан» немесе қос ғашық «Естай мен Қорланның» тарихы болатын.

 Ерекше есім  бәріне бірдей ұнағанымен, бәрі бірдей «Қорлан» туралы біле бермейді. Тіпті көбісі бірден «Сартай» деп жымия кетеді. Бірі болса «Хорлан» есімімен шатастырады. Ал кейбіреулері «қорлану» деген мағынада түсінеді. Алайда өз басым «Қорлан (Қорлығайын)» , яғни , Естайдың  жарты ғасырға жуық шамасында сүйіп өткен аруының құрметіне  қойылғанын тағы атап өткім келеді.