Жұма! Күн! Көктем!
Бүгін осы үшеуі қосылып адамдарға жылылық (тек температура жағына емес) сыйлағаны бәрінің жүзінен көрінеді.
Үйдегілер де, жұмыстағылар да көктемнің алғашқы күнімен құттықтап, күннің кереметтегін айтумен әлек.
Жұма!
Мен жұма келген сайын қуанам. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір деп. Түнгі 12 ден бастап жүрегім тынышталады осы жұмада. Жо-жоқ, аптаның барлық күнінің өз қасиеті бар, бірақ жұма өзгеше.
Күн!
Күннің бізге сәулесінің шашуы не деген керемет. Таңертең автобусқа түскен күн сәулесі тек маған арналғандай сезілді. Өздігіммен "маған бақыт бере берші ару Күн" деген өлең жолдары тіліме орала берді.
Көктем!
Ал, көктемнің келгеніне қуанбайтын жан кемде-кем шығар.
Көңілі пәк, бірақ салмағы ауыр қыс мезгілін шығарып сап, адамзатқа тағы да бір мүмкіндік сыйлайтын құдіреті бардай көктемді асыға күтетініміз анық.
Ал, сіз бүгін қандай күйде болдыңыз?!