ЖҰЛДЫЗҒА

ЖҰЛДЫЗҒА
жеке
блог

Аспанда Жұлдыз көп дейді,

Жердегі жалғыз сен едің.

Барлығы саған жетпейді,

Өзгеден өзге ерегім.

 

Алуадан тәтті қылығы,

Дертті жүректің шын емі.

Адайдың аппақ сұлуы,

Талайдың болған тілегі.

 

Сені іздеп қанша сенделдім,

Түсініксіз хәлім, бұл қалай.

Ән қыстап жатқан кеудемнің,

Маңғыстау жаққа бұрғаны-ай.

 

Сыңғыры-ай, гүлім, күлкіңнің,

Досыңа мендей наз арттың.

Соңғысы сен бе ең сылқымның,

Болмысы біткен қазақтың.

 

Өмірдің татып тәттісін,

Гүлі бол жүрген ортаның.

Әлемнің барлық жақсысын,

Тіледім саған, томпағым!