Лақтырып тастап ап мұң толы зынданға,
Бейкүна боп қазір бір қыз жүр бұл маңда.
Көрмейді қасында жүрген өз бақытын,
Білмейді,өзі де күтеді кімді алда.
Байқаймын бұл күнде жабырқау жанары,
Сағыныш сары уайым меңдеген сананы.
Қадірі қырық қыз толтырмас жан еді,
Ал қазір қадірсіз болып та барады.
Сол жан деп ойлайды жүректің сыңары,
Ол жанның бұл жайлы шықпайды бір әні.
Ол оны көреді періште секілді,
Бірақ сол періште бәріне кінәлі.
Мендік жыр жаралы жүрегін емдейді,
Көнбейді таста деп жатса да ел мейлі.
Ех,шіркін ғашықтық,әлгі сол жігітті,
Ойынан бір сәтке алғысы келмейді.
Мен жүрмін артыңда барлығын ұғынып,
Қуанса қуанып,мұңайса онымен түңіліп.
Бақытты қылатын бозбала бар оны,
Артына қараса көрер ет бұрылып....