Ол өзге,сен оны,мен сені,
Өткір-ау сезімнің семсері.
Сендік мұң бар әлем болып кеп,
Езеді еңсені...
Тағы да сыр айтар тыс түн,
Ескі мұң артынан қуыстым.
Мұң менен қайғыдан дайындап,
Сен жайлы у іштім..
Шабыттың шайқаймын шалабын,
Көзі бар байлаулы қарағым.
Өзің боп өкпелеп өлеңім,
Жылайды жанарым.
Келеді көзімнің сенгісі,
Себебі үмітсің ең кіші.
Мендегі дерті ауыр жүректің,
Емінің белгісі...
Бекітіп бір жола жан-жағын,
Лақтырғам көңілдің қармағын.
Өзгені армандап ойлайтын,
Өзімнің арманым....