Жұлдыздарға ашық-шашық киінуге тиым салынды!

Жолданды  хат,

Көкейкесті сұраққа жауап таптық.

Болмадық мәрт,

Ашық жердің барлығын әрең жаптық.

Ашылды жақ,

Айыптадық, заңға да бояу жақтық.

Оралмас шақ,

Жұлдыздардың келесі ізін бақтық.

Сақтанды салт,

Көрсетпейміз сахнада енді мәрттік.

Киелі ұрпақ,

Келешекке жасадық бүгін сақтық.

     Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қыз баланың тәрбиесі – қоғам тәрбиесі екені белгілі. Сондықтан ата-бабамыз бесті заманнан бойжеткеннің иманды, ибалы, арлы болғанын қадағалайтын. Қазақтың қызын бірден намыстылығы, кішіпейілділігі, ұяттылығы келісімімен танитын .«Қызға қырық үйден тиым»,-деген сөзде бар халық арасында. Сонау ерте заманнан келе жатқан бұл тиымдар қазір сақталып жатыр ма? Өкінішке орай, жоқ деуге жақын қалдық. Көпке топырақ шашып, қорламаймыз. Дегенмен, күнделікті тұрмыс былай тұрсын, сахнаға елден ұялмай, халықтан сескенбей, ата-баба салтынан атта, батыстың сәніне ерген жұлдыздардың жағасы жыртық. Көйлекті аяқ санын сәл ғана түсіріп, қысқартуға ұялған кейіпі болар, көкіректі ашуға бекінген күйде сахна төріне топ ете қалады. Киелі төрге киелі шықпаған аруларымызға не дейміз?! Кезінде сахнаның саңлағына айналған аруларымыз – Роза Рымбаева, Мақпал Исабековалар төсін ашпай-ақ. белін бекімей-ақ халықтың еркесіне айналған. Заман өзгерді деп, бар бәлені уақыт ағымына жаба саламыз. Заман өзгергенмен, қазақ өзгермейді! Алаштың ұлы қаһарлы, қазақтың қызы тым арлы болуы керек!

      Мамыр айынан бастап, өзгеше заң өз күшіне енеді. Көрермендер тарапынан мәдениет және спорт министрлігіне келіп түскен наразылық хаттарынан кейін қабылданған бұл шешімге әншілердің өкпесі қара қазандай. Айта кетейік, министрлік поштасына келіп түскен хаттар, үш жылда 4000 данаға дейін жетіп үлгерген. Онда, халық, жұлдыздардың жалаңаш бейнесін көргісі келмейтіндерін айтып, ашына жазған. Бекболат Тілеухан бастаған парламент мәжіліснің дупуттатары бұл заң жобасын қос қолдап қолдайтынын айтып, ұрпақтың болашағына қам жесе, кейбіреулері, тіпті наразылықтарын білдіріп, «біз мұсылман мемлекеті емеспіз. Өнер адамы көрсетсін сымбатын»,-деп, ойын қымсынбай жеткізіп жатыр. Қанша жерден шырылдап, «дұрыс емес» заңды қолдамайтынын айтып әлек болғандардың үкілеген үміттері үзілді. Шешім қабылданып қойды. Қалай дегенмен, көнбеске амал жоқ!

 

   Осы орайда, өнер адамдары тосыннан қабылданған шешімге не дейді екен? Бірі мақтап, бірі даттап жатса да, еш айыбы жоқ. Себебі, нүкте қойылды, әуестік жойылды. «Өте дұрыс қабылданған шешім. Қос қолдап қолдаймын. Себебі, шетелге еліктеп, батыс стилін ұстанамыз деп жүріп, қазақы ментолитетімізден айырылып бара жатырмыз. Кейде, тіпті, үйде қымсынбай, жайбырақат теледидар да көре алмаймыз. Келінім шәй құйып тұрғанда, экраннан жарқ ете қалған әншіден, өзңмңз ұялып, басқа арнаға ауыстыруға тура келед. Сондықтын, болашыққа берер тәрбиесі мол, пайдалы шешім болды деп ойлаймын. Ұрпақтың сана-сезіміне де тигізер ықтиярлығы керемет. Біз мұсылман елміз, оның үстіне ұлымыз намысты сатпаған, қызымыз арын сақтаған қазақпыз, сол себептен, айтылған іс жүзеге асуы керек»,-деп Ұлықпан Жолдасов ағамыз ұрпақ болашағына қам жесе, Баян Есентаева ханым: «Бәрімізге арналған ортақ тәртәп болғаннан кейін, әрине, бағынамыз. Менің қыздарым, ашық-шашық ғана киініп қоймады, қоржынындағы әуендерге сай неше түрлі ұзын, жабық әдемі көйлектері барын ел бейнебаяндарынан көріп жүр. Сенімді сәнгер Аида Кәуменова барда еш алаңдамаймын»,-деп, киім жағын ойлап әлек. Аталмыш заңға толығымен қосылатынын айта келе Нұрлан Еспанов ағамыз: «Қыз баланың ашық-шашық киінгеніне түгелдей қарсымын. Себебі, нәзік жандылар аяулы жар, елдің анасы болып отырғандықтан, дұрысырақ киінуі болуы қажет. Тым ашық-шашық емес, өзіне жарасымды үлгідегі көйлектерде кисе де болады емес пе?»,-дейді. Осы оймен тұспа-тұс келген Айжан Нұрмағанбетова ханым: «Ашық-шашық киінбей-ақ сұлу қалпыңда қалу қиын емес. Дененің 1см бөлігін көрсетпей-ақ, елді еліктіріп әкетуге де болады. Мысалы, менің сахнаға киетін көйлектерім аталған заңғада пара-пар, сәннен де алыс емес. Сондықтан қабылдануға таяп отырған заңға мүлдем қарсы емеспін, керісінше қолдаймын»,-дейді елдің ерке қызы. Жұлдыздардың ойларын жан-жақта болғанымен, шешім - біреу, талап – қатал.

 

 

 



Бөлісу: