Жұлдыздар да еріксіз сөнеді екен...

Ғашықтық бір ыстық күн желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Тарығып сағым қуған шіркін көңіл,

Қара су енді қасірет жатқан тұнып. Ақан сері

 

Жыл өтіп барады. Жылмен бірге, жыл құсындай болып біз де кетіп барамыз. Қайда? Не, үшін? Не, ғып?.. Оны, ажыратар сана бізде жоқ. Әйтеуір, сырғып, жүзіп келеміз... Осындайда сырғыған өзіңмен қатар, бүкіл өміріңнің де сынаптай сырғып, көз алдыңнан – лезде өте шығатыны-ай... Жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір осы Massaget.kz-те бірталай өмірімізді өткіздік. Абайша: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық... Мені, Массагетке, блог әлеміне әкелген Мейіргүл (!); арнайылап блог жазбасам да, бүкіл жазбаларым Мейіргүлге деген құрметімді білдірсе керек. Сол, Мейіргүл «Түнгі 1» блогына:  « - Айтпақшы ноутбугімнің қуаты өшкелі тұрғаны-ай. Өшсе, блог та бірге өшеді-ау...», - деп, екі сөйлемін кемітіп көрсеткен екен. Демек, түбі сарқылатын, бірі кем, ақырлы дүние болғаны да...

 

Дариға, о, дариға, шіркін дәурен,

Басымнан таярмысың бір күн, дәурен?!

Жалт беріп жоғалар ма, нажағайдай –

Жүзінде шалқып тұрған күлкім, дәурен. Қасым

 

Бұл дүние пәнилігін етеді екен,

Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен...

Өзіне халық аузын қаратқан ер,

Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен... Шәңгерей

 

А-ау!
Қайран елім, туған жерім,
Ажал жетсе қалады-ау.
Қара көрге, қатты жерге
Халқым шулап салады-ау.
Жалғыз «көйлек», еншім тимек,
Жалаң аяқ, жалаң бас.
Есіл тәнім, салтанат-сәнім,
Жер астында қалады-ау.

Жарым, балам, іні-аға,
Жора-жолдас қалады-ау.
Ақ домбырам, қағаз-қалам,
Серік болған қалады-ау.
Қимас достар, тең құрдастар,
Кәрі, жастар қалады-ау.
Бірге жүрген, ойнап-күлген,
Замандастар қалады-ау.

Қала-дала, сай мен сала,
Жүрген жерлер қалады-ау.
Тау мен тастар, тартқан көкпар,
Әріптестер қалады-ау.
Сыңғыр қаққан, сырын айтқан,
Күміс бұлақ, қалады-ау.
Жалғыздығың, шықпас үнің,
Тап сол жерде болады-ау.

...Иә, бұл, «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де», - деп жырлаған, сал-серілердің соңғы тұяғы Кенекеңнің соңғы әні еді...

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Ел – есеп беріп, қоштасып, қош айтысып жатыр. Тықыр таянғаны да... Көрісейік!



Бөлісу: