Жұлдыздар да демалады
жеке
блог
блог
Күнделікті концерттік гастрольдерден, бейнебаян түсірілімдерінен және «нәпақа» әкелетін той-томалақтардан тыным таппайтын әншілердің нағыз демалыстары қандай екен?
Отандық жұлдыздар бос уақытын қалай өткізеді? Күні-түні той-томалақ деп өзін ұмытып кете ме? Әлде жер-жаһанды жалпағынан басып, шетелде демала ма? Мүмкін қолпаштап, көтермелейтін көпшіліктен жалыққандықтан, үйінде тығылып, «көк жәшікті» ермек қылатын шығар?
Келе жатқан әз наурыз мерекелері мен демалыс күндерінде жұлдыздар қалай демалады? Сан сауалға жұлдыздардың өздері жауап береді.
Баян Есентаева: «Демалысты аса ұнатпаймын! Дегенмен жылына 2 рет балаларыммен бірге шетелге шығып тұрамыз»
Еркін Мәулен: «Көбінесе үйде, көк жәшікті әрі-бері бұрап, телехабарларды тамашалаймын. Бос уақытымды ата-анам және қарындасыммен бірге өткізуге тырысамын. Қол бос болып жатса , шетелге барып демаламын»
Жеңісхан: « Үйде теледидар қосып, әсіресе, Джеки Чан ойнайтын сүйікті фильмдерімді көріп, бір демалып қаламын»
«Орда» - Есболат: «Демалғанды ұнатпаймын, турфирмаға барып, жолдама алғанға да ерінемін» Дастан: «Демалыс – мен үшін жақсы көңіл күй»
Айқын: «Демалысқа жанұяңмен немесе жалғыз барсаң, түк қызығы жоқ. Шетелге 1-2 рет 4-5 досыммен жиналып барғанбыз. Нағыз демалыс болды сонда. Жалпы, тауға шығып тұрамын»
Әлішер : «Демалыс – мен үшін шетелде шопинг жасау. Ал нағыз демалыс – үйде ұйықтау»
Мейрамбек Бесбаев: «Әсіресе, шетелде, Түркияда демалғанды ұнатамын. Өзіміздің көрікті жерлеріміз көп. Өкінішке орай, қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Өз елімізде демалайын десем, қаумалаған көпшілік мазалай береді, сол үшін таңдауды шетелге жасаймын»
«КешYOU» тобының мүшесі: «Үйде теледидар алдында өзім СПА-терапиясын жасаймын. Сосын тек демалыс күндері ғана нағыз ас үй тағамын сүйсініп жеуге мүмкіндігім туады. Бұл – біз үшін нағыз демалыс!»
Қайрат Нұртас: Хауызға түсіп, жан рахатын сезіну – нағыз демалыс: ыстық бу және шай
«Меломен» тобының мүшесі: «Әке-шешеммен бірге ауылда жүру – нағыз демалыс! Мен тек ата-анаммен еліміздегі демалыс орындарына ғана барамын»