Жұлдыз жырым, бүгін міне жымыңдап,
Түңгі ұйқыны шетке қарай ысырды.
Ешкімге айтпас құпия бір сырға ұқсап,
Жолатпаймын маңайыма ешкімді.
Сосын тағы , жым-жырт үйдің ішінен
Кермек дәмін мен өлеңнің татамын.
Бәлкім осы бақыт шығар армандар
Байқалмайтын өзімізге осы күн.
Қол созым жер , дәл қасыңда тұратын,
Жылы толқын жүрегіме жақын тым.