"Жұлдыз-жорамал"

"Жұлдыз-жорамал"
жеке
блог

Қай айда, қай күні туылса да былай сияқты. Меніңше...

Тоқты – Кенжебек Жәнәбілов. Мұзартқа жаңа қосылғанда қозы еді, кейін келе тоқты болды. Бұйра-бұйра тоқты.
Торпақ – Беркут. Дүңкиіп алып, мөңіреп жүреді. Алдына келгенді сүзіп алатын мінезі де жоқ емес. «Тау, тау, тау, таудан асып жетсем мөөөөөөу»
Егіздер – Алтынай мен Айгүл. Сәбит ағайдың егіз қыздары.
Шаян – Әлішер Кәрімов. Суреттен, теледидардан көреміз. Тірідей көру вірәтілі. 
Арыстан – Мақпал Жүнісова. Оны аңдардың, то есть әншілердің бәрі сыйлайды. Бәрі айтқанын орындайды, бағынады.
Бикеш – Мөлдір Әуелбекова. Байға тиіп, бала таппағанда бұл орында Мадина тұруы мүмкін еді. Уже поздно.
Таразы – Рамазан Стамғазиев. Өйткені бүгінгі ән өнерінің, қазақ эстрадасының бар мен жоғын кеңінен әңгімелеп бере алады. Нағыз өнер мен жәй нәрсені айырып, сараптай алады. Бәрінің парқын біледі.
Сары шаян – Нұрлан Еспанов. Қай жағынан да кеп тұрған сияқты.
Мерген – Мейрамбек Беспаев. Атқанда да жүректен атады. Дәл тигізеді. Контрольный деп адамның басынан атып, миын шашып әуре болмайды. Бір оқ (бір ән) жетеді.
Тәуешкі – Меруерт Түсіпбаева. Жүрмейтін жері жоқ. Ток-шоу, реалити шоу дейсіз бе, бәрінде жүре береді. Немесе Астанада да Алматыда да тек қана биік-биік үйлерде тұратын Қарақат Әбділдина да келіңкірейді.
Суқұйғыш – Баян Есентаева. Талай гүлге (кешю, мешю) су құйып, керемет қылып өсіріп жіберді.
Балық – Қайрат Нұртас. Балық болғанда да алтын балық. Ұстап алған ілубой адамның үш тілегін орындап бере алады.

Бейбіт Сарыбайдың фейсбуктегі жеке парақшасынан