Жүктілік кезеңдері және жүкті аналарға арналған арнайы ескерпелер

                                          Жүктілік кезеңдері және  жүкті аналарға арналған арнайы ескерпелер
жеке
блог

 

                    Жүктілік кезеңдері және  жүкті аналарға арналған арнайы ескерпелер

    Ең сұлу әйел – жүкті әйел деп жатамыз. Иә, дүниеге ұрпақ әкелу -   Алланың әйел затына берген ең керемет нығметтерінің бірі. Жауапкершілікті талап ететін кезең. Әйел адамның денсаулығына, әсіресе, аяғы ауыр кезінде көп көңіл бөлетіні де сондықтан. Қуанышты жаңалықты естіген ененің де құрсақ тойын жасап, аяғы ауыр келінінің тамақтануына, тынығуына, тіпті киім киюіне мән беруінде де бір сыр жатса керек.     

  Адам баласының бұл өмірге саяхаты жатырға түскен сәтінен басталады. Құран Кәрімде сәбидің ана жатырындағы даму кезеңдері:

«Расында, біз адамды нағыз балшықтан жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге (жатырға) орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға), сосын оны мудғаға (бір шайнам ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын удғаға сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс қылдық. Алла ең керемет Жаратушы ("Муминун" сүресі, "12-14 -аяттар)» 

-деп баяндалады.

Ананың психологиялық көңіл-күйі (ұрыс керіс, қуаныш т.б.) қан арқылы балаға өтіп тікелей әсер етеді. Егер ана ренжісе немесе бір нәрседен қорықса, ішкі бездерден бөлінетін сөл қанға араласады. Артынша балада да сондай көңіл-күй пайда болады. Аяғы ауыр әйел баспалдақтан шыққанда, темекі тартқанда іштегі сәбидің жүрек соғысы жиілей түседі. Ал анасы шаршағанда қимыл-қозғалысы үдей түседі. Темекі шегетін әйелдер қылмысқа бейімдеу ұрпақ әкеледі.

Жүктілік кезінде ана Құранды көп тыңдап, өзі де дауыстап оқитын болса, баланың жатырда жатып-ақ баланың Құранмен танысуына жол ашылады. Құлшылығын атқарып, дұғасын жасаса, іштегі сәбиімен бірге жалбарынғандай болады. Анасы әрбір әрекетіне мұқияттылық танытып, мұсылмандыққа сай өмір сүрсе, іштегі баласы сол кезде-ақ бақыттылардың қатарына қосылады. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)«Бақытсыз адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытсыз, бақытты адам анасының құрсағында жатқанда-ақ бақытты» - деген.

       Міне, сондықтан жүктілік кезінде ана әрбір ісіне, сөзіне, денсаулығына, көңіл-күйіне баса мән бергені жөн. Жаны сұлу әйелден жаны сұлу ұрпақ туады