Жұбыңды қате таңдадың, себебі неде?

Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, сен оны той жасағаннан кейін өзгереді деп ойлағансың. Бұл халық арасына ең кеңінен таралған қателік деуге болады. «Мүмкін» деген сеніммен бас құрауға болмайды. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі ол сезімді селт еткізетін жан. Бір мезет қана дәурені жүретін, лап етіп жанып қана жоқ болатын ондай сезім алдамшы. Сен оны қате таңдадың, ол әйел/ер адамның нені қажетсінетінін түсінбейді. Әр жыныстағы адамның өз сезімне тән ерекшеліктері болады. Ал оны сезінбеу қасіретке алып кеуі мүмкін. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі сендерді ортақ мұрат және қағида болмады. Ортақ құштарлық, ортақ көзқарас пен арман болмаған шаңырақтан береке кетеді. Сен ол адамды қате таңдағандай сезімде жүрсің, себебі екеуара жақындық тым ертеден басталған-ды. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуің бір-біріңді терең түсінген жоқсыңдар, бастарыңнан ыстық-суық өткен жоқ. Қосылған шақта тек мүдде ғана көзделді. Көлік, ақша, келбет. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, ол саған жайлылық, қауіпсіздік, сенім сезімдерін сыйлайтын еді. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуіңдегі сезім басталған сәттен-ақ, ашық, шынайы, жанашырлық таныта алмадыңдар. Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуің ортақ өмір сүру арқылы өз жеке бастарыңдағы тақырыпты талқылаудан және тұрмыстағы келеңсіздіктерден қашып құтылуды ойлайсыңдар. Сен ол адамды қате таңдаың, себебі, ол дәл осындай қарым-қатынасты тағы бір адаммен жасайтын еді. Үшбұрышты махаббат.

 



Бөлісу: