Жұбыңды қате таңдадың, себебі неде?
жеке
блог
блог
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, сен оны той жасағаннан кейін өзгереді деп ойлағансың. Бұл халық арасына ең кеңінен таралған қателік деуге болады. «Мүмкін» деген сеніммен бас құрауға болмайды.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі ол сезімді селт еткізетін жан. Бір мезет қана дәурені жүретін, лап етіп жанып қана жоқ болатын ондай сезім алдамшы.
- Сен оны қате таңдадың, ол әйел/ер адамның нені қажетсінетінін түсінбейді. Әр жыныстағы адамның өз сезімне тән ерекшеліктері болады. Ал оны сезінбеу қасіретке алып кеуі мүмкін.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі сендерді ортақ мұрат және қағида болмады. Ортақ құштарлық, ортақ көзқарас пен арман болмаған шаңырақтан береке кетеді.
- Сен ол адамды қате таңдағандай сезімде жүрсің, себебі екеуара жақындық тым ертеден басталған-ды.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуің бір-біріңді терең түсінген жоқсыңдар, бастарыңнан ыстық-суық өткен жоқ. Қосылған шақта тек мүдде ғана көзделді. Көлік, ақша, келбет.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, ол саған жайлылық, қауіпсіздік, сенім сезімдерін сыйлайтын еді.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуіңдегі сезім басталған сәттен-ақ, ашық, шынайы, жанашырлық таныта алмадыңдар.
- Сен ол адамды қате таңдадың, себебі, екеуің ортақ өмір сүру арқылы өз жеке бастарыңдағы тақырыпты талқылаудан және тұрмыстағы келеңсіздіктерден қашып құтылуды ойлайсыңдар.
- Сен ол адамды қате таңдаың, себебі, ол дәл осындай қарым-қатынасты тағы бір адаммен жасайтын еді. Үшбұрышты махаббат.