ЖҰБАТУ...

Бір танысым түңіліп жүргенін айтты… «Соңғы рет қашан қуанғаным есімде жоқ, не деген сұп-сұр өмір», – деп шағымданды ол. Ойланып қалдым. Оған жаным ашып емес, қаным басыма теуіп, ашуланып қарадым. «Сонда сен таңертең ояна сап күннің қызылын көргенде, орныңнан тұрып, өз қолыңмен асыңды ішкенде, далаға өз аяғыңмен шыққанда қуанбайсың ба?» – деп сұрадым. Дауысым қатты шықты, білем. Өзі еңсесі езіліп, егіліп отырған ол тіпті бейшара қалыпқа түскендей… Әлден уақытта: «Кешірші», – деді. Көзіме тура қарағанда оның жанарынан отты байқадым… Содан бері ол танысымның бордай үгілгенін ешқашан көрмеппін...



Бөлісу: