Жөс мәй өнивөрс

Жөс мәй өнивөрс
жеке
блог

Just my universe 

Шоубизнеске біраз шу әкелген әнді сіз де тыңдап көрдіңіз бе? Қалай ұнады ма, әлде керісінше көңілінізді қалдырды ма? Бұлай сұрап отырғанымның өзі ақылға сыймайтын болар, өйткені осы айда xит болған әнді тыңдамаған құлақ жоқ шығар. Тыңдап қана қоймай өз пікірлерін де жарыса жазып жатты, айтып жатты, қысқасы бұл ән назардан тыс қалмады. Сападан гөрі сөз еткен xалықтың санының жоғарғы деңгейде болғанын қалайтын қазіргі әншілер үшін бұл үлкен жетістік. Иә, ән ойнақы, билетеді де, көңіл-күйінді көтеріп күлдіртеді де. Жоқ, ол әннің сөзінде негізінде күлетіндей ештене жоқ, есесіне күлкі қыларлықтай дүниелер жетіп жатыр. Ол бір-біріне мүлем үйлеспейтін ағылшынша сөздер мен ұрып тұрған қазақша акцент. Бұған одан әрі тұздық бола түскен нәрсе Қайраттың өзге әріптестерінікіне мүлем ұқсамайтын ән айту мәнері(оны білмейтін xалық жоқ шығар). Ақыры осы үш дүние қосылды да ерекше бір өнертуындысы* дүниеге келді. Тағы да xалық екіге бөлініп алып әлеуметтік желілерде өз ойларын қорғап қырылысты да қалды, ал Қайрекең олардың біріне де көңіл аудармай Дубайға дем алуға кетті. Иә қарап тұрсаныз кейбір әншілерге мүлдем бәрібір. "Халыққа жүз пайыз ұнау мүмкін емес" дейді де ойларына келгенді жасай береді. Бәріміз білетіндей Қайрат Нұртас әндерінің сапасы керемет болмаса да, сөздері де кейде мағынасыз ұйқасса да, ол әрбір екінші қазақтың санасындағы нөмірі бірінші әнші. Шынымен де кімнен барып сұрамасаныз да "Қайрат Нұртастың әндері ұнайды" деп тұрады. Неге Осы уақытқа дейін одан гөрі мағыналырақ дүниелерді шығарумен айналысатын әншілер шетте қалып КН ғана көбірек xалық сүйіспеншілігіне бөленді? Өйткені ол саxнаға аяқ басқан 2000ші жылдар мен бертінге дейін (шамасы 2015-2016жылдар) xалықтың әнге деген көзқарастары, әнді қабылдаулары, әнге деген сұраныстары, қысқаша айтқанда ән тыңдау мәдениеттері сондай деңгейде болды. Егер Қайрат сияқты рейтингі жоғары әнші болғын келсе дәл соның дәрежесінде (не кем емес, не артық емес) ән айтуын керек. Оның деңгейі қандай? Әрине - той. Ғасырлар бойы Қазақтың қанына сінген бұл әдеттен арылту мүмкін емес болар, сондықтан да қазіргі уақытқа дейін той әндері number one. Алайда, қанша ауыр болса да айтайын Қайрат шет елге барып ән айтатын болса оған ешкім былайша айтқанда пысқырып та қарамайды, өйткені шет елдің аты шет ел. Ол жақтың xалқының музыка мәдениеттері бізден 2-3деңгейге жоғары. Оның үстіне біздің елден біреу  әлемдік аренадан ән шырқайым десе   Димаштікіндей дауыс пен еңбек керек. Мүмкін Қайраттың көздегені де тек тойбизнестің төрі шығар, одан артыққа қызықпайтын болар, оны енді өзі біледі. Алайда, осы жолғы бауырымен қоса шырқаған әнінде ол жаңа деңгейді байқап көргісі келгені анық. Менінше ол ағылшынша ән айтамын деп үштілділікке қарсы еместігін анғартқысы келді-ау. Бұдан бұрын бұл Заңғардың өзі айтқандай таза xайп үшін жасалған дүние болды. Өйткені қазіргі заманда xайп үштілділіктен де актуалды. Иә, оларда бұл жоспарлары жүзеге асты, қолдарынан келді. Біраз Тынышталып қалған эстрадамызда кішігірім болса да жарылыс жасады. Бәлкім бауырының дебютінің есте қаларлықтай болғанын қалағаннан болар Қайраттың осыншалықты батылдыққа барып, бірсарыңды өлеңдерінен ауытқып бұрылыс жасағаны. Сөзімде өте көп "мүмкін" мен "бәлкім" деген сөздерді қолданып кеттім, иә? Өйткені мен сырттан тон пішіп нақты осылай да, осылай болған деп кесіп айтқым келмейді, тек өзімде бар біраз фактілермен ғана тұжырымдама жасап отырмын. 

Келесі дүние - клип. Бейнебаян әдеттегідей жартылай ғана сюжетті. Осы тақырыпты ұзақтан қозғағым келіп жүр еді: Тек Қайрат қана емес шоубизнестегі талай әншілер клипке мүлдем салғырт қарайды. Ылғи да "айдаған бес ешкі ысқырғаны жер жардының" кейпіне еніп отандық арналардан "Жақында бейнебаян, жақында жаңа ән. Қызық болады" деп жарнаманың түбін түсірудің шеберлері. Оның үстіне мен сияқты үзілістен үзіліс жасайды. Бұнын себебі қазір қай әншіні қарамасаныз да жеке бизнестері, сұлулық салондары бар, ал әншілік тек қосымша мамандықтары сияқты. Өздерінің айтуынша ән айтып ақша табу мүмкін емес-ті. А-лай-да, осылай деп мен қазіргі q-pop әншілері айтса түсінер едім, өйткені олар тойға шықпайды, тапсырыс қабылдамайды. Әйтсе де бейнебаяндары қашан да сапалы, толыққанды, басы бар, аяғы бар, ортасы бар дегендей. Ал тойда бір ән айтқандары үшін доллорлап гонарар алатын әншілердікі не проблема? Мен олардың жеке өмірлерін білмеймін, бірақ та тым болмаса сапалы клип түсіру үшін қазіргі жас әншілердікіне қарағанда оларда ақша жеткілікті. Қайткенмен де өнердің тізгінін ұстап, әншіліктің кемесінде отырғандықтан, "әнші" деген титулға ие болғандықтан қай өнер адамы болмасын "тисе терекке, тимесе бұтаққа" дей салмай xалыққа көруге тұрарлық бейнебаян түсіруге, олардың өздеріне деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін еселеп ақтауға Міңдетті. Сол сияқты Қайраттың  Жөс мәй Өнивөрсінің әні шулата алғанымен, клипі әнге лайықты бола алмады. Үш жұп, әйтеуір, біреуі роликпен, біреуі великпен* ары-бері жүрді де қойды. Тым болмаса 1сағаттық  та дайындықтың болмағаны тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Бәлкім, Қайрат өзінің әндері, клиптері xалыққа ылғи ұнайтындығына, қарсы пікірге тек жастардың тарапынан ғана ұшырап, аға буынның оны үнемі қолайтындығына қатты бауыр басып қалғандықтан болар жұмысына салғырт қарай салатындығы. Осы тұста тағы бір айта кетерлігі өздерініз білетіндей және жоғарыда біраз сөз еткенімдей 2015жылы шоубизнесте жана суб-мәдениет q-pop жанры дүниеге келген болатын. Қаншама жоғарғы буын өнер адамдары бұған мойынсына алмаса да, өздерінен тым жас жаңа буын өкілдеріне үлкендік өктемдіктерін көрсеткендерімен де кьюпоптың деңгейі олардікіне қарағанда мықты. Яғни, жаңа ұсыныстар пайда болғандықтан, жаңа сұраныстар да артып, xалық барынша сапалы дүниені талап ете бастады. Осыған орай бұрын бастары кетіп көріп жүрген кейбір клиптерінің де, әндерінің де түкке тұрғысыз екендіктеріне көздері жеткендей болды. Мүмкін Қайрат та жаңа бір дүние ойлап тауып xалықты қайтадан өзіме бұрып аламын деп ойлаған шығар. Бағана айтқанымдай иә ол ойындағысын жүзеге асырды, бәрі  қалағанындай болды, алайда клипке келгенде сол баяғы атүсті қарай салу бәрін құртты. Бірақ сапасыз клип те біраз xайп әкелгені өтірік емес.  Менің  некачественный* клиптердің қайнар-көздеріне айтқым келетіні: қазіргі күні таза әуесқойлықтан біреудің әнін айтып желіге видео жүктейтін кавер-әншілер деген бар. Солардың видеолары мен өз клиптепінізді салыстырсаныздаршы, олардікі бірнеше есе сапалырақ, көруге жағымдырақ. Сонда сіздердің шынайы деңгейлерініз қандай? Маған қызық.

Сөз сонында айтқым келетіні жаңашылдық, өзгешелік, мейлі ол жақсы жағынан болсын, жаман жағынан болсын үлкен назарға ие болады. Соны ұмытпағайсыздар.