ЖОЛТЕРЕК

ЖОЛТЕРЕК
жеке
блог

ЖОЛТЕРЕК – мифологиялық мазмұн. Аңыз бойынша Бәйтерек – кеңістік символы, Айдаһар уақыт нышаны, жыл сайын самұрық жұмыртқасының желінуі – жыл алмасу  үдерісін білдіреді. Самұрық – өмір.



ЖОЛТЕРЕК – ежелгі прототүркілік сенім бойынша дүние 3 қабаттан тұратын әлемдерден құралған: жерасты, жер беті және аспан; бұларды байланыстыратын  - Бәйтерек немесе Йол – жолтерек. Басты мерекелерде осы Жолтерек арқылы түркілер тілегін, арман-аңсарын Көкке жөнелткен. Бұл әсіресе сақалардың Ысыах мейрамында мама ағаш түрінде, сібір түркілердің мерекесінде әлі күнге дейін сақталған. Түркітанушылар кәзіргі жаңа  жылдағы йолдың төркіні осы деген пікірде.


Жолтерек (ежелгі түркілік «йол» ұғымын паш ету) - басына Көк күмбезі ретінде көгілдір шаңырақ орнатылған;
күмбездің астын ала әшекей баулар бекітілетін шығыры бар сегізбұрыш және төменгі тұсынан да сегізбұрыш бекітілген, екі сегізбұрыш арқылы (жеті түсті 3 қайтара керілген) 21 баумен,құрмен немесе таспамен әшекейленген,  өне бойына 
жеті түсті таспа оратылған бақан немесе сырық.


Жолтерек алаңға, орынжайға және үйге арналған түрлеріне орай үш түрлі болады да, олардың өшемдері де соған сәйкеседі:

алаңдықЖолтерек: ұзындығы -  5-10 м , диаметрі -  10-30 см;

орынжайлық Жолтерек: ұзындығы -  2-3 м , диаметрі -  7-10 см;

жанұялық Жолтерек: ұзындығы -  1-2 м , диаметрі -  5-7 см.

 

Жолтеректің өне бойына жеті түсті арқан болмаса таспа (лента) бұратыла оралады. Жолтеректің әр бөлігі бір метрге бөлшектеліп, құралатындай ыңғайлы болғаны абзал. Оны ағаштан, әлеуменнен, пластикалық материалдардан жасауға болады. Аяғы орнықты болатындай тұғыр болғаны жөн. Жолтеректің етегіне айналдыра сыйлықтар мен басқа түрлі фигуралар ойыншықтар ілген мақұл.