Заңсыздықтар болып жатса да үндемейтін немесе оны «по братский» шешіп кететін өзіміз. Қандай жағдай болмасын адамдар өзінің пайдасын ойлайды. Қиындық болса да одан қалай оңай құтылуды көздейміз. Міне, осыдан бастап адамгершілік, мәдениет, ұят, намыс, ар дегеннің бәрі екінші орынға шығып қалады. Кейін мұның бәрін ұмытып, өзімізді періште санаймыз. Елдің патриоты болып көрініп, «лайк» жинаймыз. Бұл енді басқа әңгіме...
Қысқасы, көлік айдаушылар бұл тақырыпты көп қозғағысы келмейді, сондықтан болар, Жол полициясы қызметкерлеріне пара беруді кәнігі тірлік деп білеміз. Олар да бұл қызметті – жұмыс санайды. Жұмыс пен қызметті шатастыру да айтқымыз келіп отырған әңгіме емес. Нысан – ұятсыздықты көрсету.
Біздің елде өзін Larus193 деп таныстыратын азамат бар. Оның құрған «ОСА» (Общество содействия автомобилистам) атты ұйымы Жол полиция инспекторларының заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою, заңсыздықтарды жою мақсатында ашылған. Ұйым мүшелерінің басты қаруы – видеорегистратор. Аттестациядан өйтіп-бүйтіп өтіп алған заңбілместерді басты кейіпкер еткен талай видеолар бар. Енді соларға кезек беріп көрейік.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RTywvgNYA0g","width":"450","height":"338"});
- Мұнда жол полиция инспекторы бірінші кезекте көлікті заңды себебі болғанда ғана тоқтатуға құқы бар еді.
- Екінші кезекте, жүргізушіге ол өзінің қызметтік куәлігін көрсетуі тиіс еді.
- Қандай жағдай болмасын, инспектор жоғары тонда сөйлесіп, айғайлап, күлмеуі керек еді.
- Жүргізушінің іске қатысы жоқ жеке ақпараттарын сұрамауы керек.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/v6DFIwab_3Y","width":"450","height":"338"});
Екінші видеоға өтейік:
- Бұл жағдайда жол көлік инспекторы жеке тұлғаның мүлкіне қол сұқпауы керек. Себебі көліктің есігін көлік егесінің рұқсатынсыз ашуына болмайды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2HKnLM-q8-g","width":"450","height":"338"});
- Бұл жерде инспектор арнайы жетонсыз көлікті тоқтатқан. Бірақ оны өзі білмегендіктен, заңбұзушылыққа барып тұрғанын сезбей тұр.
- Екіншіден, жеке тұлғаның көлігін ашып тексеру кезінде де ол тек екі куәгерді шақырып, солардың көзінше тексеру жұмыстарын жүргізу керек.
Қысқасы, айтып-айтпай не керек, жол үстінде заңбұзарлардан бізді қорғайтын полиция өзімізге қарсы жұмыс істеуде. Бірақ, әрине, мұндай видеоны құзырлы орындар да көрмейді, «елім, жерім» деп жүргендер де елемейді. «Бой с тенью».
Мынау, сізге, бір күліп алыңыз! :)
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9nqrBJbDVtI","width":"450","height":"338"});
Украинада болған оқиға ғой, бізде мұндайдың түр-түрі бар :)