Жолдың тәртібі табиғат заңдай.
блог
Осы күнінен бұрын көлік жүріп-тұру құралдай пайдаланды, бірақ бүгінгі автокөлік индустриясы әр түрлі жылдам, бағалы машиналарды ұсынып тұр. Сол себептен кейбір жүргізушілер оны мәртебенің белгісі ретінде болғандықтан, көліктің басты мақсаты екінші орнына ауысты. Бұл көбінесе жол жүрісі қатысушылардың тәртібіне ықпал етіп, агрессияшыл қозғалыс тудырады.
Қазіргі Астана қаласындағы көбінесе қымбат пен үлкен көліктеріне жолын беріп жатыр. Осы машиналардың кейбір жүргізүшілер басқа жол жүрісі қатысушыларға құрмет көрсетпейді, алайда ережелерді бұзайтын олар ғана емес. Көліктің бағасы қарамастан, жүргізүшілер әр түрлі жанжалдарға килігіп, кейде қатты төбелеседі. Осы тәртіптің мысалдары көп, кей кезде жас жігіт ері мен әйел зейнеткерлерді ұрып-соқты, бір жерде жастар күресіп, олардың бірі қайтыс болды.
Таңғы уақытта, адамдар жұмыстарына асыққан кезде, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргізушілерді сыйламай жаяужол үстімен айдағанын, немесе басқа көліктердің жолына төтеп беріп жатқанын көруге болады. Олар асығып бара жатқанынан, бұл дұрыс әрекет ойлайды, бірақ басқа адамдар да асығады, олардың да жететін жеріне уақытылы жетулері керек. Сол себептен адамдар бір бірімен ұрысып, жол ортасында тұрып, өздерінің асығып бара жатқандарын ұмытып кетеді де, басқаларға бөгет болады. Дәл осындай жағжайларды кешкі уақытта да көруге болады.
Адамдар жол бермеді деген себеппен бір-бірімен ұрысады да, жүйкелерін қоздыртады, жаман дегенде бір-біріне кесірін тигізеді. Менің ойымша жол үстінде барлығы да тең, осы қақтығыстардың барлығын бір бірін сыйлап ғана болдыртпауға болар еді.