Өнегеге толы өмір жолы мен еңбек жолын өнерге арнаған жан, әрдайым белсенді, көңілді, үнемі фотоаппарат құралын жанынан тастамай, әдемі кадр жасаушы, біздің сүйікті апайымыз, мәдениет саласының ардагері - Жолдыбаева Фабиян Юлдашқызы. Жаңа жыл қарсаңында 2018 жылы алғашқы болып Түпқарағандық жастар Жолдыбаева Фабиян Юлдашқызымен «Лекториум» жобасы бойынша еркін форматта кездесті. Кездесу алдымен Рая апа туралы жазылған «Ұйғыр қызы Рәбиям» деген әдемі әнмен басталды. Кездесуде осы әннің авторы жерлесіміз, Лекториум жобасының кейіпкері болған, жастардың жанашыры,аудандық мәслихаттың депутаты Айкүміс Сәрсенғалиқызы қатысып, өз лебізін білдірді. Алдымен Рая апайға өмір жолы, еңбек жолы туралы сұрақтар қойылды. «20 жылдан астам Кетіктің өнер үйінде директор болып жұмыс істеу мен үшін бір бақыт» деп Рая апайды өзі айтпақшы үнемі өнерге жан ашып, өнер жанашыры мен жастар жанашыры бола білді. Кездесу барысында ватсап желісі арқылы келген, пікірлер көрсетілді. Пікір қатарында әріптесі, сырласы Тілепова Бақтыгүл апай, әріптесі Қарғабаев Рафаль, өмірдегі досы Жанжигитова Жамал апай, қызы Камшат Жолдыбаева өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады. Түпқараған ауданы жұртшылығы Рая апайдың қайын атасы марқұм Нұрберген ағайды фотограф ретінде таниды. Талай қара шымылдықты жамылып, бірнеше тамаша кадрлар жасауда, шеберлігі мықты өз ісінің маманы болған кісі. Рая апайды кәсіби фотографтардан кем емес тұлға екендігін бүгінгі кездесуден жастар танып білді. Кездесуде аудандық мәдениет үйі атынан, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі атынан, аудандық жастар ресурстық орталығы атынан құттықтау тілектер жолданып, естелік сыйлықтар тапсырылды. Кездесу қызықты, толқынысқа толы, жылы жүздесу болды. Жастар Рая апайды басқа қырынан танып білді. Бар болмысы жастарға үлгі боларлықтай тұлға екендігі еркін кездесуімізге арқау болып, кездесуде әсем ән орындалып, кеш қонағын вальске шақырып, кездесу өз мәресіне жетті.