Жолдауға қолдау білдірді
блог
Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Тұрсынбек Макишев Қазақстан Республикасының Президентінің қыркүйек айында жолдаған Жолдауын талқылау мақсатында Сәтбаев қаласындағы Жылу-энергетика мекемесінің ұжымымен кездесті.
Тұрсынбек Макишев бұл тарихи құжат ел халқының әл-ауқатын жақсартып және еліміздің өркендеуіне, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсартуға, өмір сүруге жайлы орта құруға арналғанын баса айтты. Сондай-ақ, депутат өз сөзінде, Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдерінің шешуші рөлі бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Президент тіл мәселесіне тоқталып, қоғамда қазақ және орыс тілдерін мектептерде қалай оқыту керектігі жөнінде пікірталастар жүріп жатқанын түсіндірген еді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанның өскелең ұрпағын әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Мемлекет басшысының барлық бастамаларын белсенді түрде талқылады.