Жолдар, жолдар, жолдар

Жолдар, жолдар, жолдар
жеке
блог

   Мысалы кейбір жолдар болады, сол жерден машина өтсе немесе адам өтсе оқыс жағдайлар болып қалуы мүмкін. Сол сияқты біздің қалада да сондай қайғылы жағдайлар болған.

  Біздің, яғни Құлсары қаласында бір аялдама бар. Сол аялдама да бірнеше адам ажал құшты. Менің көргенім, естігенім, бір күні 7-8 жасар бала , бізідң мектептің оқушысы жол апатына ұшырады. Оқиға былай болады. Сол бала бір күні автобустан түскенде ата-анасы күтіп тұрады. Ана бала ата-анама барам деп асфальттің арғы жағына өте бергенде, бір газель келіп қағып кетеді . Бала машинаның астында қалып қойды. Көрген адамдардың көздері шығып кете жаздапты. Артында қаншама адам қалды. Және бір оқиға болды. Бұл оқиға да сол аялдама да болған оқиғаға ұқсас. Жаз мезгілі. Достарымен қыдырып жүрген болуы керек. Асфальттан өтіп бара жатқан да қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл машина қағып кетеді. Ол бала да біздің мектептің баласы еді. Ол бала да келмеске кетті. Жақсы балдардың бірі еді.

   Өткенде сол аялдамадан өтіп бара жатсам, бір қатты дауыс шықты. Не болды екен деп барсам, бір машина мұзға тайып кетті ме әлде жүргізуші ішіп алды ма білмеймін, сол машина біреудің шарбағын бұзып тастапты, үй иесі шығып айғайлап жатыр.

   Біздің мектептің автобустары да, сол жерге келген де автобусқа бірдеңе болып тұрып қалады, бұзылып қалады, басқа аялдама емес дәл сол аялдамада болады.

Алдында  досыммен сөйлесіп келе жатсам, ол  айтады, Құлсары қаласының бір учаскесінде, яғни бір жолда көптеген жол апаттары болыпты.

Бұның бір сыры барма, әлде қарғыс тиді ме екен деп ойлап қоямын. Неге дәл сол аялдамалардан болады?