Тағы қыс... Көңілсіздік...
Қалмады-ау, мына елес көзін сүзіп.
Жапалақ қар да жанды жаңарта алмай,
Жылы ауа жауратуда, міне, қызық......
Табиғат та тығып отыр жар астына
Ақуыз сәби көктем іңгалашы.
Сенделген түссін сезім сабасына,
Жадырап кезсем деп ем жыр даласын.
Көктемді іздеп, сағынғаным сылтау құр,
Мына көздер сені ғана іздеді.
Алатаудан бері аса алмай көктем жүр,
Көремісің, сағынғанын біздерді.
Ал СЕН ше?..... Сағындың ба?...
Бәлкім, менен жауап күтіп жүрмісің,
Білемін қапалысың, өкпелісің.
Тіпті, сансыз сөздерім тұр кептеліп,
Құттықтай да алмаймын, сыйы құрсын.
Құттықтаймын, бірақ сені емес,
Мына әлемді сыйдырған уысына.
Ата-анаңды өзіңді маған тартқан,
Ал, мен....
Гүл емес, отырмын міне жыр ұсына.
Қайта айтшы, қырсықпай қолды бердім,
Осылай бір мұңлық та тапсын теңін.
Жайқалғанмен нұрлы әлем, мен өзгермен
Өйткені, Көктемім сенсің менің.....
Тана да бастадым күлуден,
Жазушы ем өзіңе бұрын мен -
"ТЕК СЕНІ СҮЙЕМ!"
Ал енді....ТУҒАН КҮНІҢМЕН!...
Аяулым..........