Алматы - алып шаһар. Жыл сайын ару қалаға арман қуып клетін студенттердің санында шек жоқ. Сондай жалынды жастың бірі менің бөлем. Алайда қызығы мол студенттік өмірдің алғашқы күні-ақ "ауырып" қалды. Неге дейсіз ғой? Қаладағы автобустардың біріне отырып, сабаққа бармақшы болған ол екі қоғамдық көліктің жарысып, жоғары жылдамдықта жүрген кезінде құлап, дәрігерлер "сатрясение мозга" деген диагноз қойды. Жә, өткен іс оралар ма? Оның сауығып кетуін тілейміз барлығымыз. Бірақ, осындай жағдайдың қайталанбасына кім кепіл?!
Кондуктордың "Бол, тез, шапшаң жүр!", "Артқа жылжимыз, орын бар (резина автобус секілді), ұнамаса неменеге отырасың?" деген сұрақтары, ашуланғанда қойған сұрағыңа жоғары тонмен жауап беруі ешкімге де таңсық емес. Алматыдағы қоғамдық көліктерде осындай хикаялар көптеп кездеседі. Бәлкім оларды да түсінуге болар: түрлі мінездегі адамдар, өз проблемалары, т.б. Дегенмен, мәдениеттің бастауы осындай дүниелерден басталары анық.