Жолақы төлемейтін жолаушылар
блог
Автобус - белгілі бір компанияға тиесілі немесе жекеменшік тіркеуде тұрады. Жанармай арқылы жүретіндіктен, әр түрлі бағыттағы шақырымға байланысты жұмыс кестесі арнайы расталып, тіркеледі. Үкіметке арнайы салығы төленіп, заңды түрде жолаушы тасымалдайды. Белгілі бір мекемеге тиесілі автобустар көлік жүргізушілері мен ақша жинап, халықты орнықтырып, жағдай жасаушы қызметкерге белгілі бір мөлшерде ақы төлейді. Егер де автобус жекеменшік болса, мемлекетке салық төлеп, заңды түрде жолаушы тасуға куәлік алып, жұмысқа кіріседі.
Автобус-жолақысы, әр аймақта, әр өңірде жанар-жағармай түрлерінің құнына байланысты әр түрлі болады. Бірақ бір өңірде тұрақты бір бағада. Қоғамдық көліктің бұл түріне де сан тараптан сан түрлі адам мінеді. Жалпы мемлекет мынадай адамдарға жолақыны тегін немесе 50% соммада бекіткен. Автобустарда: соғыс ардагерлері, денсаулығында кінәраты бар адамдар арнайы құжатпен, көп балалы күміс және алтын алқа иелері, 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер тегін жүреді. Ал, зейнеткерлер, студенттер, оқушылар арнайы заң бойынша құжаты бар түрлі бағыттың өкілдеріне, 50% жеңілдікпен жүруге жағдай қарастырылған. Кейбір осындай автобус бекеттерінің иелері Қазақстан заңнамасымен мереке ретінде бекіткен айтулы күндері өз тараптарынан күндік тегін жолаушы тасымалдайтын да кездер болады. Ендігі мәселе, ұяты жоқ адамдардың алдап, бопсалап, шу шығарып, сараңдық танытып, ақысыз жүретіндері бар, ал кей жағдайда шынайы ақшасы жоғалып, түрлі себеппен жолақы болмай тегін жеткізуді сұранатын жандар бар, енді оған түсіністік танытуға болады деп ойлаймын, десе де жол ақысын жеу, ең ауыр күнә екенін ұмытпайық. Бастысы сапалы автобустар саны артса екен деймін.