Жол-патрульді полициясындағы жаңа өзгеріс

Жол-патрульді полициясындағы жаңа өзгеріс
жеке
блог

        Жол-патрульді полициясы органының қызметіне жаңа өзгеріс енді. Енді жол сақшылары өздерімен портативті камера және үнтаспа тасып жүруге міндеттелді. Онымен қоса, жол полициясы қызметкерлерінің автокөліктерінің барлығына видеорегистраторлар қондырылатын болды. Жол сақшылары камера және үнтаспаны өз еріктерімен өшіріп тастауға еш мүмкіндіктері жоқ. Себебі, бұл екі аппараттың жұмысы тек қана дистанционды түрде бас басқармадан бақыланады. 

        Бұл жаңалық кейбір жандарды қатты қуантып жатса, басқаларын бармақ тістетіп қойды. Енді жол ережесін бұзған азаматтар жол сақшысына аз-маз пара беріп құтылып кету мүмкіндіктерінен айырылып қалмақ. Оған қоса, кейбір жол сақшылары да жұмыстан тыс пайда көзіне айналған пара алуға деген мүмкіншіліктерімен қош айтыспақ.

        Жол-патрульдік полиция органындағы бұл өзгеріс мемлекетіміздің дамуына өте үлкен үлесін қосатыны сөссіз. Енді жол ережесін бұзған азаматтардың айыппұлы  коррупцияға белшесінен батқан кейбір жол сақшыларының қалтасын емес, мемлекетіміздің қазынасын толтыратын болады. Оған қоса, еліміздегі коррупция саны азайып, келешекте азаматтарымыздың санасынан алыстауына, бұл өзгерістің үлес қосары да айқын.

       Бірақ та, жоғарыда айтқандай жол сақшыларының үстіндегі камера, көпшілік автомобиль иелеріне жақпасы да сөссіз. Себебі көпшілік қауым жол ережесін бұзған сәтте, кішігірім пара беріп құтылып кетуге үйреніп қалған. Оған қоса, жол-патрульді полиция органдарындағы жаңа заңнамалар жол сақшыларына тырнақ астынан кір іздейтін мүмкіншілік берді. Және де, айыппұлдардың сомасы да қатты өсіп кетті. Мұны барша автосүйгіш қауымның қалтасы көтере бермейді. Мысалы, балаларға арналған автоорындықтың жоқтығы немесе қала ішінде шамды жағуды ұмытып кету секлді ұсақ ережелерді бұзғаны үшін, көпшіліктің айұппұл төлегісі келмейтіні анық. Оған қоса осындай ұсақ ережелер үшін әрдайым протокол толтырылатын болса, еліміздегі административті қылмыс рейтингі де түсіп кетеді.

      Йә, бұл жаңалық еліміздегі белең алған коррупцияға өте үлкен соққы болды. Жоғарыда осы өзгерістің халыққа алып келетін жағымды және жағымсыз тұстарын талқыладым. Егер қосатын ойларыңыз болса астыда пікір қалдырсаңыз болады.