Қазір адамзат баласы әрбір секунды мен минутын, сағаты мен тәулігін алтын жәдігерден өте жоғары бағалайды. Сондықтан да өзгелерден де жылдам жауапты талап етеді.
Мысалы, сізге(әйел адамға) құрбыңыз өзінің баласын бірнеше сағатқа қарай тұруын өтінсе немесе (ер адамға) досыңыз көлік жөндеуге көмекке шақырса сіз қалай жауап берер едіңіз. Мүмкін, бұл сіздің ең жақын адамдарыңыз болса, келісер едіңіз, әрине. Бірақ, біз кейде өзімізді тым ақкөңіл етіп жібереміз де, өзіміздің жұмысымыздың барына қарамастан, келісім беріп жатамыз.
Мұның себебі де оңай, адам санасы көмек әрдайым оң әсерін тигізеді деген ойда қалыптасып қалған. Дегенмен де кейде артық қыламыз деп, тыртық қылып алып жатамыз да. Ендеше қандай жағдайда және қалай "жоқ" деп айту қажет.
Мысал келтірсек. Сіздің балаңыз, ініңіз, көршінің баласы(маңызды емес) сізден сабағына байланысты көмек сұрады делік. Бірінші рет көмектескен де ол сіздің келгеніңізге қуанады. Үшінші рет көмектескенде ол сізге үйренісе бастайды. Ал оныншы рет көмектескен де ол сізді міндеттей бастайды. Бұл дегеніңіз ара салып оған да келісім бермеу керек деген сөз. Әйтпесе, бала сізге расында тәуелді болып қалуы да мүмкін.
Сіздің есіңізде болғанын қалаймын. Кез келген табысқа қол жеткізген адам өзінің уақытын, уақыты кетіп жатқан істің маңыздылығын, айналасындағы адамдарды барлығын саралайды. Сондықтан да олар әрдайым қисыңсыз және уақытты босқа алатын істерден бас бастуға тырысады.
Олар он жасында темекіні байқап көруден бас тартты. Ал қазір өзінің бағалы уақытын көбіне іскерлігіне арнайды.
Сонымен қатар, өзіңіздің ішкі түйсіктеріңізбен сөйлесіңіз. Мысалы: «мен бүгіннен бастап желіде 1 сағаттан артық отырмаймын». Яғни өз өзіңізге де келіспей үйреніңіз. Әрине, бұл басқа біреуге «жоқ» деуден де қиынырақ жұмыс. Бірақ ішкі тәртіпсіз ештеңе де алға баспайды.
Ойлап қарасақ, арықтау дегенде ешқандай қиыншылық көрінбейді. Жәй ғана артық астан бас тарту керек.
Және де сізге біреу қандай да бір ұсыныс жасаған да оған құрметпен қараңыз. Мысалы, мақала басындағы құрбыңыздың ұсынысына «Мен, келісер едім, бірақ бүгін шынымен де қолым босамайды. Шаруаларым көп. Мен сенің балаңды шынымен жақсы көрем, бірақ бұйырмай тұр екен» немесе досыңыздың көлік жөндеуге деген ұсынысына «Әттең-ай, барар едім. Жұмыстарым шығып қалып тұр. Сенің «десяткаңнан» артық көлік жоқ қой негізі» деген секілді жауап қайырыңыз.
Барынша өзіңіз сөйлесіп тұрған адамды құрметтеңіз. Сонда арада сенім пайда бола бастайды.
Және кейде біз қандай да бір ұсыныстан бас тартқаннан кейін, «ренжіп қалмады ма?", «мен жайында не ойлайды екен?» деп ойлаймыз. Бұлай ойлаудың негізі жоқ. Әрине, бәрі сізді жақсы адам ретінде таныса, бұл — жақсы. Бірақ ол адам сізге ренжісе де, ренжімесе де болар істің болғанына көніңіз.
Бірақ, бұл әрдайым «жоқ» деу керек дегенді де білдірмейді. Өзіңізге, жұмысыңызға маңызды жәйттар да сіз келісім беріп, біраз мағлұмат алуыңызға болады.
Сонымен қатар, «Уақытыңыз тек жұмыспен өтсе, бұл -жұмыс. Ал дәл сол уақытыңыз жұмыс пен демалыстан тұрса, бұл — өмір» деген сөзді де ұмытпаңыз. Анда-санда көңіліңізді сергітіп, санаңыздағы «шлактан» айырылыңыз.
Дегенмен, түнгі клуб, сырахана, бар дегеннен аулақ болғаныңыз абзал. Мұндай жерлерден шөп шықпайды. Оқығаныңызға рақмет!