Жоқ, бұл "БигДрамаШоу" емес

Сәлеем, қадірлеуге лайықты массагеттіктерім!

Бірнеше минуттар бұрын бүкіл әлем отандасымыз, "бокс аңызы" атағына ие Генадий Головкин мен қарсыласы америкалық Ванес Мартиросянның жекпе жегіне куә болды.
Бокс десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін осы бір шаршы алаң бәсекесін өткізіп алудың өзі қателік болар. Ала таңнан оянып алдым да, күттім. Сағаттар сырғып, жекпе жек жақындаған сайын зарығып, қобалжи бастадым. Асығып оянып алғаным да, сонша айлар бойы күткенім де бекер болмапты. 

«Let’s get ready to rumble!» сөзін естімей қалған біртүрлі екен иә?!

Негізі, армениялық былғары қолғап шебері әлсіз, дайын емес болғаны бет жүзінен-ақ белгілі болды ғой. Әдеттегідей сабырлы бейнесін бұзбай келді де, жaй ойнағандай ұрып-ұрып құлата салғандай көрінді (солай ғой енді). Не тәжірибесіз, не техникасы шамалы, я болмаса дене-бітімі де жақсы емес боксшыны қашанға дейін соғып жүре береді?!
Екінші раунд басталған сәттен соққыларын төпеп жіберді, ал соңғы бастан ұрған сериялы соққылары жекпе жекті аяқтады. Орнымыздан тұра кеп, бар айтқанымыз "Уааау!Уаааау!" болды, шыны керек.

Головкин бабында екен.

Жалпы, соны көрсету үшін ғана өткізілген айқас секілді. Әйтпесе, қартайды, әлсіреді деген сөздер көбейіп кетті. Бірақ, бұл ел күткен "БигДрамаШоу" емес.

"Міні, мен шаршы алаңда тұрмын, белдіктер қолымда. Келіңдер де, алып көріңдер". Бұл нағыз жігіттің сөзі болды.

P.s: Барша жұртшылықты жеңіспен құттықтаймыын!!!



Бөлісу: