Жоғары жалақы-сапалы жұмыс

Жоғары жалақы-сапалы жұмыс
жеке
блог

https://www.nur.kz/kk/1080831-elbasy-kim-zhaqsy-zhumys-istese-sol-mol.html Елбасымыз сапалы жұмыс жасағандар жақсы жалақы алу қажет дейді,мен толықтай келісіп, қолдаймын. Осы мақаланы оқып есіме жуырда оқыған Саттар Ерубаевтің "Менің Құрдастарым" атты роман есіме түсіп отыр. Бұл романнан өзімізге алар тәрбие-өнеге өте мол деп ойлаймын.

http://el.kz/m/articles/view/content-29170 сілтемесінен сіздерге романнан ақпарат. Автор кейіпкерлер өмірін бастан аяқ тізіп жатпай, ең қажетті тұстарына ғана тоқталады. Шығарманың басты идеясы Қазақстанның совет жылдары ішінде табыстарға жеткенін, адамдардың ой-санасы биіктегенін, достықтың, еңбектің, адамдықтың жолы, кеңейгенін көрсету болып табылады. Қарағанды кендерін шет елдік жебірлер билеген заманның шындығын барлық сұрықсыз қалпымен суреттеген жазушы, совет үкіметі сол бұрынғы езілгендер мен зәбірленгендерге не берді деген сауалға көркем жауап айтуға талаптанған.

Романның басты кейіпкерлері - Совет үкіметі тұсында оқып, білім, мамандық алған жастар. Кен инженерлері Рахмет, Лиза, дәрігер Ықылас, жас жұмыскерлер Мырзаш, Қали сияқтылар совет жастарына тән озық қасиеттер танытады. Рахмет, Лиза, Ықылас сынды жастар тұлғасын қызғылықты, нанымды ашып беруі - жазушының жетістігі. Бұл каһармандар өз мүддесін халык, Отан мүддесімен бірлестіре білгендер. Инженер Рахметті тек оз шахтасының, забойының қамы ғана кызықтырып қоймайды, ол бүкіл республика, Отан жайын да әрдайым есте тұтады. Рахмет өзі музыкант болмаса да, жер жүзінің музыка классиктерін ешкімнен кем білмейді. Ол өз ана тілінде, орыс тілінде ғана емес, ағылшынша да сөйлей алады. Мамандығы инженер Рахмет өмірдің сан-сала тараптарынан    хабары    бар    заманынының    озық    адамы, интеллекті қаһарман.

«Менің құрдастарым» романында ескі заманды көзден өткерген, егде тартқан адамдардың мінезінде туған жаңалықтар да жақсы көрсетілген. Байырғы кеншілер Алексей, Илья, Шектібайлардың бай тәжірибесі жастардың жігерлі, өжет істерімен қосылып, жарастықты үйлесім табады. Бұлардың әрқайсысы жеке дара мінез иесі, сәтімен табылған шыншыл тұлғалар.

Адам санасындағы көне түсініктердің оп-оңай ысырылып қалмайтындығы, олардың замана, объективтік түрткілер екпінімен бірте-бірте жоғалатындығы романда ақиқат әңгімеленген. Бұған бірер мысал келтіріп өту керек. Академик Вознесенскийдің қызы Лиза өзімен бірге оқыған қазақ жігіті Рахметті сүйеді. Бірақ, ескі ұғымда тәрбиеленген қарт ғалым қызының белгісіз азиялық жігітті қалағанына іштей риза болмайды да, ол қарсылығы жүзеге аспайтынын біліп, ақырында амалсыз көнеді. Бұл нағыз өмір шындығы, өмір ағысы ойламаған оралымдар жасап, жаңарулар әкелетінін, оған көнбеуге, есептеспеуге мүмкін еместігін осы оқиға анық аңғартады.