Ар ма массагеттіктер! Жаңалықтарыммен бөлісуге уәде беріп, ізім-ғайым жоғалып кеткенім ерсілеу болды өзі... Ештен кеш жақсы деп, есімді жимасам да, есім барда сөзімді түгелдегенді жөн көрдім. Менің жаңалығымның жатқа қаншалықты пайдасы барын қайдам, адам не тапса да тілінен табады деп, жазуға берген уәдемнен соң үйіліп қалған жаңалықты СҮЙІНШІЛЕП бастауды жөн көрдім...
"Құрсақ көтермей ана атандым" деп жазба жариялап едім, естеріңізде болса... Сіңілім Қ.А.Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегіне айналды... "Жалпы медицинаға" бет бұрған оның Астанаға баруына осындағы пікірлерден соң қарсылық білдірмегенмін. Соңғы шешімді өзі қабылдады. (Ақ халат үтіктеуді үйреніп алдым...) Жаңа оқу жылым үлкен сыймен басталды. Топтасым Шұғайып Сезімханұлының "шығармалар жинағы" менің өмірімдегі алғаш автордың өз қолынан алған қолтаңбалы кітап! Мұнда қазақтың біз біле бермейтін салт-дәстүрлері кеңінен қамтылған... Бір жазбама айналдырармын... Сүйікті ұстазым Сейдолла Садықовтың қос кітабы жарық көрді..."Қазақ публицистикасы: ұлттық бірегейлік мәселелері" мен "Публицистің шығармашылық шеберханасын" студенттер оқуға кірісіп кетті ендігі...Қолдарыңызға түссе оқуға кеңес беремін... "Мұндай кітап жазылмаған әлі" деседі оқырмандары... Досым сыйлаған Көктәнді Хамзаның"Сопылық ілімін" аяқтап, Ораз Қауғабайдың "Таңғажайып Қонаевын" қолыма алғалы біршама уақыт болды... Бас көтеріп қойып, оқып біте алмай жүрмін... Келесі кезекте Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейдісі "...Сіздермен бөлісетін боламын... "Шабытқа" қатысуға шабыттанғаныммен ертең ең соңғы тіркелу күні... Бұл менің жаңалығыма ене қоя ма, білмедім...Аядай өмірімдегі аз ғана жаңалық осы...Бастысы сіздермен бөліскеніме қуанамын... Журналисттің жаңалық жеткізу тәртібі өзгешерек болу керек еді десеңіздер... Бұл ақпарат емес, айтарым деп ұғыңыздар...
Мақпал Төребек