Жоғалуға жақын жануарлар
блог
Әлемде біз білмейтін жануарлар бар, олардың көбейуі үшін жұптасуға серігеде қалмаған. Фотоблогымызбен таныс болыңыз, жалғыздықта қалған жануарлар.
Мангарахар цихлидасы (Ptychochromis insolitus)
Көрінісі өте әдемі әрі саны санаулы ғана бұл балықтар Лондондағы жануарлар бағын мекен етеді. Бірақ, бұл балықтар арасында ұрғашысы жоқ. Егер 2013 жылы Мадагаскар аралында қалған тағыда 18 балық табылмағанында, бұл балықтар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін еді. Адамзат бақытына орай соңғы табылған балықтар арасында аналықтарыда бар екендігі анықталды. Бүгінде балықтар Мадагаскардағы жеке меншік балық шаруашылығында көбетілуде.
Абингдон піл тасбақасы (Chelonoidis nigra abingdonii)
2012 жылы Галапагос архипелагындағы Санта-Крус аралында Жорж лақабты піл тасбақасы өлгенінде әлем зоологтары ауыр қайғыға батқан болатын. Йел университеті ғалымдары кейінірек 17 үлкен тасбақада Жорждың ДНКсы бар екендігін анықтаған. Бүгінде олар піл тасбақасы ұрпақтарының туылуына үміт етуде.
Жаңа Зеландия үйрегі (Hymenolaimus malacorhynchos)
Батыс Суссекстегі құстар қорықханасында жалғыз ғана үйрек жасайды. Оның әулетінің көбейуі күмән астында...
Жұмсақ денелі свайно тасбақасы (Rafetus swinhoei)
Үш тырнақтылар тобына жататын жұмсақ денелі тасбақалар жер бетінде жалпы саны төртеу ғана екен. Олардан біреуі Вьетнамдағы көлде жасайды. Қалғандары болса Ханой және Қытай хайуанаттар бағында өмір сүреді. Ғалымдар ол тасбақаларды бір жерге жинап, ұрпақ алу ниетінде.
Солтүстік ақ каркидоны
1980 жылдан бері Калифорния штатындағы Сан-Диего хайуанаттар бағындағы Ангалифу лақабты еркек каркидон өлген соң, әлемде бар жоғы бесеу ақ болған солтүстік ақ каркидондары жұпсыз қалған. Ангалифу ұзақ уақыт бойы Нолу лақабты ұрғашы каркидонмен бірге жасасада, олар тұтқындықта көбейе алмаған.