Сәлем, Массагет!
Руслан, таяқшаны ұсынғаныңызға рахмет! Сыйлықтар туралы эхххх... тамсанып қойып, мен де жазып шығайын. Осы эстафета басталғалы дайындалып жүр едім :)))
Нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көресіз?
Мен сыйлық таңдардың алдында көп ойланамын. Берген сыйлығым өз ерекшелігімен есте қалса екен, бағалы болса екен деген ниетпен таңдаймын. Әрине, сыйлық алушының қажеттілігіне де назар аударамын. Шын жүректен берілсе, беторамалдың өзі бір әжетке жарап қалады.
Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?
Мен қандай сыйлықтан бас тартар едім? Мен ешқандай сыйлықтан бас тартпас едім, егер ақысына өзімнің не туыс, жақындарымның бас бостандығы мен өмірін айырбастамас дүниелер болса.
Сізге ұнайтын кәдесыйлар
Маған әр елден келген тоңазытқышқа жабыстырар магниттер, әр елдің ұлттық валютасы, сол елдің символы болатын ғимараттардың кішкентай көшірмелері (сувенир), айта берсем, тізіле береді. Маған сыйға тартылған ең ұнайтын кәдесыйлар - Үндістаннан әкелінген айна (өкінішке қарай, жоғалтып алдым:(() мен Дубайдан әкелінген мына бір флешка. Жақсы көрем өзін:)
Өміріңізде есте қалған сый
Менің өмірімде есте қалған сый аз болмады, әрқайсысы өз орнымен ерекше, өз орнымен бағалы. Өмірімдегі ең бағалы да, құнды сыйлық - анамның маған өмірімді сыйға тартуы. Мен үшін ғана емес, көптің назарында жүретін, халықтың да көңілінен өшпейтін сый - Қалқаман Сарин ақынның маған арнаған "Оқырман қыз" өлеңі.
Сізді жалықтырған кәдесыйлар
Қандай да бір кәдесый мені жалықтырмапты. Кәдесый деуге келмес, Француз үйінен иіссу (духи) алсаң, қасына қосып беретін сыйлықтар - түрлі пробниктар. Пробник болғанда да, кремдердің пробнигі ғой, солар аздап жалықтырады:).
Ал енді сыйлықтарды сөйлетейін:
Бриллиант көзді алтын сақина. Былтыр көктемде сыйға тартылған
Ағам мен жеңгем сыйлаған алтын сырға мен жүзік
Бір қымбат жан сыйлаған алтын жүзік пен алтын сырға (жүзіктің бір көзін түсіріп алдым)
Ақын ағамның өз қолтаңбасымен өз қолынан алған кітабы мен күйтабағы
Әпкем сыйға тартқан қоян :)
Талғамы жақсы жігіт сыйлаған Диор наборы (иіссу, сүрме (тушь), далап (помада))
Жұмсақ ойыншықтар, сурет салатын рамалар, түйреуіштер, түрлі брелоктар, кітаптар, браслеттер, әмияндар... олардың бәрін ұқыппен сақтауға тырысып келем. Тіпті Гүлнұр сыйлаған "әдемі сыйлық" та әлі сақтаулы :))
Рауана, сен сыйлаған мына әдемі гүлді қуана тағып жүрмін :))) Рахмет!
Бала махаббатым (марқұм) сыйға тартқан сурет салатын рама да, "Таразы" белгісіндегі кулон да сақтаулы. Ауылыма барған сайын қолыма алып, бір күрсініп аламын...
Эстафетаны ұсынған Русланның аманатын ардақтап, Қыпшақ қызына ляқтырайын. Ал, айналайын, Қыпшақ қызы, мен ұсынған эстафета таяқшасына сызат түсірме :))