Алматы ажарланып тұр... Таңғалып қалдым. Сыртқа шыққанда.
Қарбаласып кеттім. Бұл Жаңа жыл бұрынғыдан өзгерек. Әріптестеріммен бір отырсам, құрбыларыммен екі, ескі достарыммен үш отырдым. Осының өзі бір бақыт шығар деймін мен...
Иә, бақыт деген бәлкім осы шығар?! Сені құттықтайтын, сен құттықтайтын адамдардың өміріңде бар болуының өзі бір бақыт шығар? Әсіресе, осындай мейрамдарда. Әсіресе, Жаңа жылда.
Әйтеуір бұрынғы ішпыстырарлық өмірім күннен-күнге гүлденіп, күннен-күнге шытырманға толы болып барады. Анар айтпақшы, өз-өзіме сенімділік пайда болыпты. Арты жақсы болсын не болса да :)
Иә, жақсылықтың артынан жаман ой ойлап тұратын, жаман айтпай, жақсы жоқ дейтін қазақпыз ғой ) Дегенмен, еш жаман ой ойламасақ екен. Осы Жаңа жылда өз-өзімді жаман ой ойламауға тәрбиелесем деймін. 2012 жылы сенімділікті баурасам, 2013 жыл бойы жаман ойларыммен күресіп шықсам деймін... Жеңсем деймін. Жамандықты...
22 жылдық ғұмырым берген сабақтар алдағы жылға азық болып, өз жаңалығымммен қарсы алып жатқан бұл Жаңа жыл өмірімнің ең бір шырайлы кезі болып өмір парағында жазылса деймін.
Бір сөзбен айтқанда, осы жолға көз жүгіртіп отырған арда ағайынға өзіме не тілесем соның бәрін тілегім келеді! Білесіз бе, Сіз бар бақытқа лайықсыз ғой... Рас айтам!