Былтырғы жылдың сәуір айында дәстүрлі түрде өтетін «Абай оқулары »аудандық көлемде өтті . Бағым жанып , облыстық кезеңге баратын алты баланың қатарына іліктім . Қуанышымызға орай Абай еліне , Мұхтар төріне май айында баратынымыз белгілі болды . Жарыс күні жақындаған сайын өз - өзімді шыңдай түстім . Ұлы Абайдың ақын шәкірттерінен жақыннан танып , өркениетімді біршама кеңейте түстім десемде болады .
Межелі уақыт өз мәресіне келіп жетті . Уақытынан бір күн бұрын жолға шықтық. Себебі 600 шақырымнан астам жол бізді күтіп тұрған еді. Бірінші аялдаған жеріміз Шығыстың тарихи ошағы - Семей қаласы . Әлденіп , серігіп алып ары қарай байқау өтетін мекенжайға жол тарттық . Дәлірек айтқанда-Қарауыл ауылы Семейден 180 шақырымнан ары жүріп ауылға да келіп жеттік . Абай лицейі барлық аудан бойынша іріктеуден өткен оқушылар мен олардың ұстаздарын жоғары деңгейде күтіп алды. Мектеп жанындағы екі қабатты жатақханаға тізім бойынша бізді орналастырды . Жолы жайлы , табиғаты да аса ерекше келіскен екен. Арнайы автобус бізге екі күн бойы үздіксіз қызмет етті . Жатақханада жүріп әр ауданнан келген мектеп оқушылары бір - бірімен танысып , қызықты уақыт өткізді . Бақталасып , өшпенділіктің орнына бір - бірімізге өте бауыр басып қалдық . Жоқ заттарымызбен бөлісіп , жолдас болып түні бойы қызықты отырыс өткіздік .
Еңбегіміз аяқталар күн. Таңғы жеті кездері жатақханадан күміс көмей балалар дауыстарын әртүрлі тонмен машықтап жатыр . Кейбірі киім - кешектерін үтіктеп жатты . Ал , сұлу қыздар қазақи әшекей бұйымдарын тағып , бұрымдарын өруде . Қамданып болғанша автобус келіп , Абай лицейіне бізді алып барды . Әр сайыс әр мекемеде жеке - жеке өтті . Ал , әдеби эссе жазушы оқушылар бөлек кабинеттерге беттеді . Түстен ауа барлық кезең аяқталды. Біраздан кейін бәріміз Қарауылдан 20 шақырым жерде орналасқан Абай мемлекеттік қорық музейіне келдік. Ақ кемедей алыстан көзге түсетін « Жидебай - Бөрлі мемориалдық мұражай -кешеніне » келіп жеттік . Концерттік бағдарлама ұснылып , қойылымдар , ән шашулар күтіп алды . Жиналған жұрттың барлығына жүлде қызық . Абай атам айтпақшы : « Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » жарыс қорытындысын ұзақ күттік . Әділқазылардың әділ бағасы жария болып , марапаттау дүрілдей басталып кетті . Барлығы лезде ұйып , тынышталып қалды. Суырылып шыққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп , аттары мәлім болды . «Семей», « Алтай » телеарнасы өз түсірілімін де жасады . Сұхбат алып , видеоүзіктер түсірілді . Өте жақсы көңіл күймен сол күнде өз мәресіне жетті . Қайтар жолда Тарбағатай командасы болып бір - бірімізге қазақилықпен орындарымызды жуып , Айгерім анамыздың бұлағынан су іштік . Еңлік пен Кебектің кесенесіне де аялдап қайтар жолға және шықтық .
Міне, осылайша екі күнім құдды мерекедей дүркіреп өтті. Мың рет естігенше бір рет көрген абзал демекші ,жүрген жерімде бұл саяхатты мақтана да , марқая да айтып жүремін . Барлығына барып көруге кеңес беремін. Рухани тынығып , жүйкеміз демалып , күйбен тіршілікті лезде ұмыттырып жіберетін мәдени ошақты дәріптеу , танып, білу біздің қолымызда!