Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есімхановнаның ұйымдастыруымен жас ғылыми қызметкерлер Тасмұрзаев Нұрдәулет пен Амангелды Бибарс зертхана бөлімімен толықтай таныстырып, жасалатын жұмыстардың негізгі бағыттары: өнеркәсіптік автоматтандыру, робототехника, ендірілген IOT жүйелері, жасанды интеллект, Веб-әзірлеу, Front-Back END бағыттары екендігін түсіндіру барысында студенттердің қызығушылығын арттырып, студенттерге лабораториялық кабинетте жұмыс істеуге болатынын кафедра меңгерушісі ұсынды. Конференция барысында түсіндіріліп өткен жобаларға студенттер толығымен танысып, әр түрлі сұрақтар қойылып, түрлі есеп мәселелерімен айналысуға болатындығын талқылап, жұмыс істеуге болатын ойларымен бөлісті.