Бүгін ғана сәнді серік еткен жұлдыздар туралы қысқаша мағлұмат берген болатынмын, ендігі кезек жігіттерге келгендей. Бұл үздік бестіктен құралған топтама. Яғни, қазаққа танымал болған актерлардың үздік топтамасы.
Бесінші орынға мен Әділ Ахметовты орналастырдым. Әділ танымал актер, сонымен қатар тележүргізуші ретінде баршамызға белгілі. 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Кек», «Қалжа», «Астана – махаббатым менің», «Армандастар», «Сұңқар» сынды танымал киноларда үздік рөлмен көзге түскен.
Төртінші орында менің топтамамда Берік Айтжанов тұр. 1979 жылы дүниеге келген Берік ағамыздың үздік рөлдері «Жеңіс семсері», «Махамбет», «Тракторшының махаббаты» фильмдерінде сомдағаны. Айтпақшы, дәл бүгін, яғни наурыз айының 11 – ші күні Берік ағамыздың туылған күні. Құттықтаймыз)))!!!!!!!!!
Үшінші орынды танымал актер Азамат Сатыбалды еншіледі. 1977 жылы дүниеге келген «Қара шаңырақтың» жұлдызы Азамат театрда да үздік ойындар көрсетеді. Қазіргі уақытта М. Әуезов атындағы драма театрының актеры болып жұмыс атқарады. Әрі жақында өткен «Қазақстан дауысы» жобасының жүргізушісі болды. Бұл Азаматтың барлық жағынан үздік екендігін көрсетіп тұр. Жігітке жеті өнер де аз, әншілік қабілеті ашылып жатса таң қалмаңыз)))
Екінші орында «Жаужүрек мың баланың» серісі, бірі әрі бірегейі Асылхан Төлепов тұр. Сүйкімді актер жігітіміз дәл осы фильмнің арқасында көпке бірден танылды. Әлі күнге жұлдызын жоя қоймаған бұл үздік рөлден кейін ол «Сұңқар» сериалында да үздік ойын көрсетті.
Бірінші орынды Елбасымызды керемет сомдаған актер, әнші, тележүргізуші Әлімжанның Нұрланы еншіледі. «Ағайындылардың» ағасы, тамаша дауыс иесі Нұрланның ең ең ең үздік рөлі Елбасы туралы түсірілген керемет фильм болды. Премьерасына барған боларсыз)
ЕСКЕРТУ: Топтамадағы орындар белгілі дауыс берумен анықталған жоқ. Жеке менің өзіндік пікірім!!!!!!!