Жігіттер сырын жиі айтады...

Жігіттер сырын жиі айтады...
жеке
блог

Сыр... Оны сақтау - үлкен жауапкершілікті талап етеді.  Менде өзімді сыр сақтай алатын жандардың қатарына жатқызамын. Таңқаламын... Қарап отырсам, іштегі жан - дүниесімен бөлісетін, ішкі қайғы - мұңын, ашу- ызасын , шерін тарқататын менің өмірімде жиі кездесетін "жігіттер қауымы" екен. Өзімді ер мінезді дей де алмаймын. Дегенмен өзіме қатысы жоқ дүниелерге басымды ауыртқым келмейді. Шынымды айтсам, жанашырлық танытамын, тек жартылай ғана. Мұны өмірдің өзі үйреткендей. Жеке басым іштегі сырымды , не ренішімді өзгеге айтудан еш қорықпаймын , тек өзім үшін де өзге үшін артық нәрселерді туғызғым келмейді. Ал өзгенің сырына берікпін. Аманатқа қиянат етпеу - сырды ешкімге шашпау. Мен үшін егіз ұғым. Неге екенін білмеймін , достарымның арасында жігіттер қауымы жиі сырларын айтып жатады. Іштегі ызасын, ашуын айқайлап та , жылап та шығарып алып жатады, шыдамдылықпен тыңдауға тырысамын. Ең алдымен , ақыл айтуға асыққым келмейді, жәй ғана осы жағдайға қалай түскенін, бұрын қандай болғандығын есіне салып отырамын. Өзгені кінәламастан бұрын, өзінің кемшіліктерін тізіп шығамын. Сосын барып аз ғана достық пікірімді, кейде  тілектерімді, мақсат - армандарымен бөлісіп отыруын сұранып отырамын. Жігіттер жалпы қыздар қауымынан да нәзігірек, басына ауыртпашылық түскенді сыртқа шығарғылары - ақ келеді , сенімді дос іздейді. Олар белгілі бір ақыл күтпейді, тек бар ойлары - ішіндегісін сыртқа шығару, бөлісу , тіптен жауап қатуды талап етпейді де. Мен ер азаматпен дос болуды аса бір жаман нәрсе деп айтпаймын. Шынайы дос бола білген адам жанашырлықты сезінеді , ауыртпашылықты түсінеді , көмек қолын созуды өзіне әрдайым мақсат етеді. Сыр бөлісер, сырға берік достарымыз аман болғай!