Жігіттер неге мұндай?
блог
Мұнда жазба жазуға жүрексініп жүргем, бірақ мына бір ой санамды торлап алды. Осында ортаға салғым келді.
5 сәуір күні Қарағанды қаласындағы әскери бөлімде Павлодарлық сарбаздың өзіне қол салғанын (өз-өзін оққа ұшырған) жаңалықтардан естіп ойға қалдым. Ертесіне 6 сәуір күні фейсбук желісінен Астана қаласындағы әскери бөлімде тағы бір сарбаздың өз-өзін өлімге қиғанын оқып абдырадым. Содан себеп іздеп ойыма түрлі нәрселер келді. "Әскери өмір қиын ба?...", "біреу тиісті ме екен?...", әлде басқаша болды ма?... Ойым сан-саққа жүгірді. Әсте бұның анық-қанығын білмегендіктен қателескен болармын, бірақ өз ойымша талқы жүргізіп көрдім.
Қазір әскери борышыңды өтеу бұрынғыдай 3 жыл емес 1 жыл ғана және әскерде сауда-саттық орындарына, қойылымдарға (спектакль) апаратынынан хабардармын (Қарағанды қаласында жиі көремін). Яғни оларға бұрынғыдай емес әлдеқайда жағдай жасалып жатыр. Ендеше сарбаздарымыз неліктен мұндай қадамға барып жатыр? Әлде оларға жастық жігер жетіспей жатыр ма?...
Біздің әкелеріміз Кеңес үкіметі тұсында әскери борышын 3 жылға Ресей, Украина асып (әр ұлт бірге) өтеді емес пе?! Әрі ол күндер ұялы телефондар болмады. Сонда олар қандай мықты болды десеңші...
Ал біз барлық жағдайды жасап, әскердегі уақытты азайтқан сайын жігіттеріміз ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге дағдыланып бара ма? Өмірдің кейбір сынақтарына шыдамай жастық өмірін қию неге белең алып барады? Өз ата-анасын, туған-туысын жылатып өз өмірін қыршыннан қию қиындықтан шығар жол емес қой.
Мұндай оқиғаның қайталануы мені жастық жігердің жетіспеушілігі ме деген ойға қалдырды. Көбіне қаланың ақ саусақ жігіттері өмірдің қиындықтарына шыдамай морт сынғыш келетіндей...
Мұның бәрі менің пікірлерім... Ал сіз не ойлайсыз???