Жігіттер де аксессуар жинайды

Жігіттер де аксессуар жинайды
жеке
блог

Жалпы аксесуар дегеніміз не? мен ешқандайда анықтаманың көмегінсіз өз ойымша жауап беріп көрейін: Керек-жарақтардың жиынтығы, қызығушылықтан жиналған заттардың жиынтығы.

Біраз күнен бері Мөлдір бастаған эстафета  сайтың қыздарының байлықтарын бір түгендеп, жақсы жазбалардың шеруі болды. Сырға,сақина жинамайтын қыздардың желаниесін оятты. 

Аксессуар дегенге қыздарымыз сақина, сырға, сағат, шарф көптеген қыздарда кездесетін заттар қайталанды. Ерекше аксесуармен жинайтын қыз болмады.

Бүгін мен өзімнің қызығушылығымен және күнделікті өміріме қажет болып жинаған азды көпті заттарым арқылы аксессуардың түрлерін анықтамақпын

1)Мекеме де яғни кеңседе қызмет ететін жігіттерге галстук тағып, костюм кию міндетті сияқты. Сол себептен менде жұмысқа кіріп айлық ала бастағанымнан бастап көлектер сатып алу әдетке айналды. Көйлектің сәнін келтіретін галстукті қосымша алуға тура келеді. Сөйтіп кешегі күні санасам 27ге жетіпті саны. Енді екі галстук алсам, жасыма жетер галстук жиналады екен. Мен бұны арнайы қызығушылықтан алмадым, қолдану үшін алдым. Қолдану үшін жиналған аксессуар.

2) Әр түрлі мерекелер болады, осыдан бір-екі жыл бұрын бір дос қыз бір мереке қарсаңыда запонки сыйлады. Үйге әкеліп қойып қойдым. Досым Новосибрскі қаласында қыдырып барып, естелікке сыйлыққа әкеп берді. Былтыр 7мамырдағы мерекеде әріптес қыздар, ұжымдағы жігіттерге бірдей запонки  сыйлады. Сөйтіп 3-запонки бар. Сыйлықтар арқылы жиналған аксессуар.

3) 2004жылы теледидардан ойнатылатын Бинго лотерея ойынын ойнайынмын. Бір күні ойламаған жерден видик ұтып алдым. Семей қаласынан барып ұтысымды алдым, өзіңде видик болмаған соң касета жинамайсың. Үйге барған соң бұған салып көретін касетам жоқ қой деп, Семейдің орталық базарына бардым. Оқушы кезден бері келе жатқан кумирім, сүйікті актерім Ван Дам ойнайтын кинолардың барлығын іздеп жүріп,әр дүңгіршекке барып жүріп сатып алдым. Барлық саны-6. Оқушылық кезде талай қызыға тамашалаған актерім ойнайтын кинолардың касетасын кейінгі күнге естелік етіп жинап қойдым. (Содан бері әлі алмадым) Кейін ұлдарыма көрсетемін. Естелік ретінде жиналған- аксессуар

Бұлардан басқа қызығып арнайы жинайтын заттарым бар: асық (асық болғанда да жай асық емес, құлжан мен жабайт болатын асықтар, кейін ұлдарым үшін), монета жинаймын, пагондар жинаймын.

 

Енді бұл эстафетаны ұлдар жалғастырып көрейік, таяқшаны Даниар Аланға бердім.

Суреттерді 3күн дегенде салдым, Операның браузері еркелеп салдырмайды, мозилламен салдым.