Жігітке хат

  Ассалаумағалейкум, қазақ елі!

Мен өзімнің осы блогымда жеке шығармашылығымдағы "Жігітке хат" атты өлеңімді бірінші, өз сынымнан өткізіп, екінші сіздердің сындарыңызға ұсынғым келіп отыр. Себебі, дана халқымыз сын түзелмей, мін түзелмейді демей ме? Тағы бір қозғағалы отырған жайт бұл өлеңнің жаңа әдебиетте алар орыны мен маңызы. Алдымен сіздерге жаңағы айтылған туындымды ұсынайын:

 Жігітке қалам тербеп, жазамын хат,

Қай мінез жарасады,қайсысы жат,

Көрінер қай мінезбен биіктерден

Тыйғаны қайсыбірін болады һақ.

 

Жігітке сабыр еткен жарасады,

Сабырлымен барлығы санасады.

Шыдамның шегі бар деп жалтарғандар

Сабырым таусылды деп таласады.

 

Жігітті ашушаңдық ез етеді,

Ашушаңдар адамды мезі етеді.

Жеңе білген ашуын ер азамат,

Мақсатына жету жолын тез етеді.

 

Пысық болу жігіттің көркемдігі,

Ал мырзалық парасаты,ой кеңдігі,

Өжеттік пен қайраттылық бір қаруы,

Тілтабысқыш болуы өркендігі,

 

Талапсыздық тереңге батырады,

Жалқаулығы надандыққа шақырады.

Кей жігіттер ауызына ие болмай

Есектейін боқтасып ақырады.

 

Ақылға сенетіні ер мінезді,

Ашушаң келетіні кер мінезді,

Сабырмен шешетұғын ақылы ағы,

Жағына сүйенгені ақымағы.

 

Жігітім ата-бабаң батыл болған,

Он жетіде ел қорыған,батыр болған.

Батылдық көзсіздікпен жасалмайды,

Батырда өжеттік пен ақыл болған.

 

Ұланым өзімшілдік саған жат қой,

Өркөкірек болу да жаман зат қой,

Сараң мінез жігітті жақтырар кім,

Мырза болғын сол үшін ей, жігітім.

 

Жараспайды жігітке білімі аздық,

Талпынғанға таяқ тастам білімпаздық.

Адамдықты сақтаған нағыз жігіт,

Отансүйгіш жігіттен көп қой үміт.

 

Ал,егерде қызба болса мінезің,

Әр адамға соқтығысып жүресің.

Мықты болсаң адамды емес нәпсіңді

Қалай жеңу керектігін білесің.

 

Намыс керек ұлтыңды сақтау үшін,

Артыңдағы ел үмітін ақтау үшін.

Еңбекқорлық жігіттің досы болсын!

Бұл хатымның "the end"-і осы болсын.

 

Мен бұл өлеңді жазғанымды өзіме мақтаныш етпеймін,керісінше менің замандастарымменен інілеріме жеткізуді парыз етемін. Ал,енді маңыздысы,бұнда мен не айтқым келді?

Жігіт қандай болса оның Отаны сондай.Себебі, Отанды қорғайтын да, есімін асқақтататын да - ер азамат. Ал,болашақ отан қорғаушының тәрбиесі қандай болса ата-ананың елге қосқан үлесі сондай.

Өлеңде жігітке жарасатын мінез бен жараспайтыны да айтылған. Ұнамды мінездер жігерді жанайтын сөздермен жеткізілсе, ұнамсыз мінездер адамға ең қажетсізі екендігі айтылады.

Енді өлеңнің жеткізілген жолы,адам көңіліне жұғымдылығы жайында сіздерден сұрағым келіп отыр.Мен көп мақтанып кеткен сияқтымын.Кешірім сұраймын. Келесі көріскенше, ағайын!



Бөлісу: