Жігіт пәктігі мүмкін бе?

Жігіт пәктігі мүмкін бе?
жеке
блог

                Әрине, бұл тақырып біреулер үшін күлкілі көрінер, ал біреулерге маңызды емес болар.

Бірақ, қыз пәктігі жайлы сөз болғанда, жігіт пәктігі де айтылу орынды. Себебі халқымызда, «Судың да сұрауы бар» деген қанатты сөз бар. Біршама жастарда «жігітте қыздардағыдай пәктік белгісі жоқ, яғни бізге ол маңызды емес», «жігіт нағыз еркек болу үшін, басынан өткізу керек» немесе «жігіт бәрін көріп-білу керек,  бұл үйленуге дайындық» дегендей көзқарастар кездеседі.

                Қанша адам болса, сонша пікірдің болуы да өмір заңдылығы. Әйтсе де, адам баласы міндетті  түрде өзінің істеген әр бір ісін, өз мойнымен көтеретіні ақиқат. Ендеше жоғарыдағы көзқарастар сияқты «жәйластырулар» - тек сылтаулар екені, түсінген адамға еш шүбә келтірмейді. Сондықтан, жігіттер немқұрайлық пен қызбалықтың өзі үшін неге айналарын білгені жөн.

                Сонымен, жігіттер үшін мынадай ескеретін жағдайлар бар:

1)      Сен үшін қыздардың бір тобы сынақ өткізу нысанасы болса,

басқа жігіттер үшін сенің туған қарындасың, әпкең сынақ нысаны болу әбден мүмкін.

Бұл ұнай ма?

2)      Сүйіп қосылған өмірлік жарың да, бұрынырақ басқа жігіттердің сынақ нысаны болғаны,

Ертең сен әйеліңмен өтіп бара жатқанда, бір топ жігіттер отырып: «әне бір қатынды мен кезінде бүйтіп едім» секілді әңгімелер, оқиғалар ұнай ма?

3)      Үйленіп, бала сүйуді нәсіп етсе. Кейбіреулер: «бұлардың әкесі сондай болған, ал шешесі  жайлы осылай деп естігем», сияқты әңгімелер ұнай ма?  

4)      Қыз балаң да, болашақта көп жігіттердің астында жатқаны ше?

Әлде, кезіндегі өзің секілді, бір жігіттердің уақытша сынақ нысаны болса ше?

5)      Ер балаң қызқұмар болып, біреудің қызын жылатып жүрсе, жүрегіңе батпай ма?

 

Әлбетте, маған мұның қатысы жоқ, мен құтылып кетем десең, құдайдың барын ұмытпа, дегім келеді. Ол еш нәрсені жайына қалдырмайды. «Ақиқатында зинақорлық зор күнә, оған жолама»-деген де, бізді адам етіп жаратқанның сөзі. Оның қаһарынан ешкім құтылған емес, болашақ та да құтылмақ емес. Осыны ескерейік бауырлар.