Жігіт. Қыз.

Жігіт. Қыз.
жеке
блог

Жігіт: Мен оны алғаш көргенде сүйкімді қыз, пысық екені көрініп тұр, біз (жанымда бірге жұмыс істейтін әріптесім) кабинетке кіргенде амандасқаны болмаса, басқалар секілді әңгімелесе кеткен жоқ, ойының бәрі жұмыста, мінезі бар секілді, көзқарасынан, жалпы өзін ұстауынан байқалып тұр, мен оған қарап қоямын, ал ол маған тіпті назар аударар емес, бойы ұзын, киімі өзіне жарасып тұр, көздері мөлдіреген, әдемі...-деп ойладым) Кейін кинодағыдай болды бәрі)

 Қыз: Мен оны алғаш көргенде таң қалыс сезімін ғана сезіндім. Өзі ұзын бойлы, сымбатты жігіт екен, біздің кабинетке кіріп келді. Бір-екі адаммен сөйлесті де қойды. Сөйлеу мәнері қатты есімде қалыпты. Біздің бастық оны қалжыңға тартса да, ол салмақты болып қала берді. Сонда "тұйық" жігіт ау деп те ойладым. Сосын "қой" дедім де, жұмысымды істей бердім. Сосын білмеймін қалай әйтеуір сөйлесіп кеттік. Ал, бір күні кабинетте бір қызды оған қосып жатқан кезде, мен біртүрлі болып қалдым. Сол кезде мен "жүрегім шаншыды" деген сөздің мағынасын түсіндім. Мен үнсіз қалдым, тыңдамауға тырыстым әңгімелерін, алайда жүрегім мазасыз болды. Тіпті ыңғайсызданып кеттім, қысылып. Арада біраз уақыт өтті. Мен бәрін ұмытып кеттім. Сосын әріптес болып, киноға барғанбыз. Оның отырысы, күлгені, өзін ұстағаны, кино көргені сондай тәтті болды. Мен оған қарап отырдым. Сосын өз өзіме "ол маған ұнайды" дедім. Кинодан кейін қасына барып жай ғана қолтығынан ұстадым. Ол бәрін өзі түсінсе деп ойладым, үміттендім. Ол түсінді)))