Жезөкше немесе Жүзекше

Жезөкше немесе Жүзекше
жеке
блог

Қам көңілім, суық әрі ызғарлы,
«Жоқ»- деп, қалай айта аламыз біз барды?
«ЖЕЗ—ӨК--ШЕ»-деп,
Иә, осылай атаймыз,
Барын сатқан, Арын сатқан қыздарды.

Қара түнді қасиеттен айырған,
Ей, жезөкше, қарғыс атқан адамсың.
Жер бетіне тегіс-түгел жайылған,
Адам емес, хайуансың, надансың!

Пәк күніңнен, пәктігіңнен тойдың ба?
Кінә менен Күнә жүктеп мойныңа.
Ана сүті кетпей жатып аузыңнан,
Еркелейсің әр еркектің қойнында.

Ет жалғайсың қосып алып етіңе,
Адамдарды бөлем ылғи екіге.
Қойыныңда түнеп шыққан еркектер,
Сырт айналып түкіреді бетіңе.

Ей, жезөкше, мына сенің арқаңда,
Ауыр жүк бар, күнә таққан әр таңға.
Шаш ағарып, қатпар әжім түскенде,
Соқыр тиын қалмай қалар қалтаңда.

Өткеніңнен бар ма, десе бір белгі,
Айтасыңдар бөліп жарып кімдерді?
Ей, жезөкше…
Түс адамдық қалпыңа,
Тыныш қойып таңдар менен түндерді.