Жезөкше жүрек

Жезөкше жүрек
жеке
блог

Өзімді арсыз санамаймын, бірақ менің жүрегім жезөкше. Жарайды, жарайды... Дон Жуан болсыншы. Жезөкше деген әйел затына тән еді ғой.

Бала күнімде өмір бойы бір адамды сүйіп өтемін деп ойлаған едім. Ойлаған едім... Алғашқысын сәтсіздікке балауға болатын шығар, алайда екіншіден кейін пікірім түбегейлі өзгерді. Ендігі жерде әрбір ағазаға оттегіні айдап отыратын еттің иесі жоқ. Ол әлемге иелік етеді. 

Қарасақал дұрыс айтады. Ұшқыр голландтың әрдайым капитаны болуы тиіс. Капитан табылды, оның енді кемені қалай басқаратыны маңызды. 

Жезөкшелер ақша үшін тәнін сатса, бұл атау жүрекпен үйлескенде ештеңесіз әркімді жақсы көреді екен. Ұнатуы қалай тез болса, ұмытуы да сондай оңай. Өйткені, ол - жезөкше. 

*Бұл жерден қандай да бір алматинки, астанинки көремін дегендер қатты қателеседі. Неліктен жүректің жезөкше болғанында да себеп жоқ.